2025 жылдың 16 сәуір күні сағат 19.00-де филармонияның Үлкен залында Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының  «Достық пен жылулық әндері» атты концерті өтеді. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалері  - Бейімбет Демеуов.

Дирижер: Мәдениет саласының үздігі - Асет Ахметов.

Хормейстерлер: Алтынбек Жолдыбаев, Алмат Есімханов.

Концертмейстер - Асқар Күлшәріпов.

Бағдарламада әлем халықтарының әндері шырқалады.

Бағдарламада:

  • Орыс халық әні - «Ах, ты степь широкая» өңд. А.Свешников
  • Орыс халық әні - «Тонкая рябина» өңд. С.Екимов
  • Орыс халық әні - «В темном лесе» өңд. А.Свешников
  • Әні: И. Любан, сөзі: А. Русак - «Бывайце здаровы». өңд. А. Молодов
  • Молдаван халық әні - «Якаша» өңд. Николеску
  • Түркімен халық әні- «Бибижан» өңд. Е.Нечаева
  • И.Кечехмадзе грузин әні - «Карги ико»
  • А.Церетели грузин әні  - «Сулико» өңд. В.Дубовский
  • Украин халық әні - «Ой, у вишневом саду» өңд. А.Саврицкий
  • Украин халық әні - «Ой, дуба, дуба…» өңд. Н.Раков
  • Екі армян халық әні - «Алагяз» және «Хнки цар» өңд. Комитас
  • Қырғыз халық әні - «Күйдум чок» өңд. А.Джанибеков
  • Әні: Б.Жандаров, сөзі: К.Алмазбеков - «Сағынам» өңд. Б.Демеуов
  • Өзбек халық әндерінен попурри - «Hazil» өңд. Н.Шарафиев
  • Башқұрт халық әні - «Әннәгизер» өңд. А.Кушниренко
  • Кәріс халық әні - «Ариран» өңд. Тен Чу
  • Азірбайжан халық әні - «Nә baxіrsan» өңд. А.Гусейнова
  • Азірбайжан халық әні - «Oyna, yar» өңд. В.Мастанов
  • Қазақ халық әні - «Көзіңнің мөлдірін-ай»
  • Қазақ халық әні - «Илигай» өңд. А.Оренбургский
  • Қазақ халық әні - «Кермаралдай» өңд. Б.Демеуов
  • Қазақ халық әні - «Қыздар-ай» өңд. Б.Демеуов
  • Қазақ халық әні - «Жайдарман» өңд. Л.Хамиди

Концерттік бағдарламада Н.Шарафиевтің өңдеуінде Өзбек халық әндерінен попурри «Hazil» шығармасымен басталып, Қырғыз елінің дәстүрлі музыкалық мұрасын ашатын А.Джанибековтің өңдеуімен қырғыз халық әні «Күйдум чок» орындалады. Концерт әр елдің мәдениеттерінің бір сахнада бірігуін бейнелеп, халықтар достығының нағыз әнұранына айналған әндер орындалып, елдер арасындағы достық пен жылулық сезімдерін сипаттайтын атмосфера сыйлайды. Концерттік бағдарламаның соңы Б.Демеуовтің өңдеуіндегі «Қыздар-ай», Латиф Хамиди өңдеуіндегі «Жайдарман»  атты қазақ халқының әсем әндерімен аяқталады. Концерттің ерекшелігі – әр елдің өзіндік музыкалық дәстүрдегі айырмашылықтарға қарамастан, ортақ тақырып - достық, жылулық және бірлік тақырыбы бар түрлі елдердің халық әндерінің үйлесімділігі.

Әлем халықтары әуендері үйлесім тауып, мәдениеттерді байланыстыратын бірегей музыкалық кеш тыңдарманға халық әндерін тыңдап, әлем халықтарының мәдениетіне саяхаттауға мүмкіндік береді.