2025 жылдың 18 сәуір күні сағат 19:00-де Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің «С.Рахманинов/О.Респиги» атты концерті өтеді.
Көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Қанат Омаров.
Солист:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Гүлнара Құрамбаева (фортепиано).
Бағдарламада:
С.Рахманинов – Оркестр және фортепианоға арналған концерт №3
С.Рахманинов – «Остров мертвых»
О.Респиги – «Пиний Рима»
Қосымша ақпарат.
Сергей Рахманинов — Оркестр және фортепианоға арналған концерт №3
Рахманиновтың үшінші концерті – фортепиано репертуарындағы ең күрделі әрі ең әсерлі шығармалардың бірі. Терең эмоциялық мазмұны мен техникалық шеберлікті қажет ететін бұл туынды орындаушыдан үлкен дайындық пен сезімталдықты талап етеді. Шығармада романтикалық лирика мен драмалық шиеленіс әдемі үйлесім тапқан.
Сергей Рахманинов — «Остров мёртвых»
Бұл симфониялық поэма белгілі суретші Арнольд Бёклиннің көркем туындысы негізінде жазылған. Музыка тыңдаушыны терең ой мен тылсым әлемге жетелейді. Рахманинов музыка арқылы өмір мен өлім, «мәңгілік» ұғымы туралы толғанысын жеткізеді.
Отторино Респиги — «Пиний Рима» (Римнің шынар ағаштары)
Италиялық композитор Респигидің симфониялық поэмасы – Рим қаласындағы әртүрлі тарихи және табиғи көріністерге арналған төрт бөлімнен тұрады. Композитор әр көріністі музыка арқылы бейнелеп, тыңдаушыны әр түрлі күйге жетелейді. Жарқын, көркем, кинематографиялық сипаттағы бұл шығарма оркестрдің бай палитрасын аша түседі.