2025 жылғы 15 мамырда Алматы қаласында Нөмірі 6 кітапханада ЖСДП Алматы қалалық филиалы ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Іс-шараға түркологтар, абайтанушы ғалымдар, БАҚ өкілдері мен жастар белсенді түрде қатысты.

Жиын барысында Абайдың рухани мұрасы, ой-толғамдары мен адамзаттық құндылықтары кеңінен талқыланды. Шара Абайдың ұлағатын ұлықтап, жас ұрпаққа өнеге етуге бағытталды.

Абай сөзі – мәңгілік.