2025 жылғы 30 мамыр мен 1 маусым аралығында Алматы қаласындағы Орталық көрме залында дәстүрге айналған Орталық Азия шеберлерінің кезекті «Жібек жолы» атты қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның қолөнер шеберлері сәндік-қолданбалы өнердің таңдаулы туындыларын ұсынады:

  • Қолмен тоқылған жібек шарфтар
  • Экологиялық таза киізден жасалған бұйымдар
  • Оюлы ағаш бұйымдары
  • Жібек жіппен кестелеу
  • Қолдан жасалған керамика
  • Зергерлік әшекейлер
  • Шығыс миниатюрасы және тағы басқалар.

Көрме-жәрмеңкенің басты мақсаттары:

  • Шеберлер арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасау
  • Өз бұйымдарын сату арқылы қолөнершілердің қаржылық жағдайын зерттеу
  • Келушілердің мәдени-танымдық деңгейін арттыру
  • Дәстүрлі қолөнерді дәріптеу
  • Орталық Азия елдері арасындағы мәдени байланысты нығайту

Халықтық, дәстүрлі және заманауи қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі жыл сайын алматылықтар мен қала қонақтарының қызығушылығын тудырып, шабыт пен шығармашылықтың тоғысатын алаңына айналуда.

Қосымша бағдарлама:

Көрме аясында күн сайын сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін «Сырғалақ» атты көне тоқу өнері бойынша шеберлік сабағы өтеді. Қалаған әрбір қатысушы түрлі-түсті жіптерден белдік немесе кітапқа арналған бетбелгі тоқуды үйрене алады.

Өткізетін орны: Алматы қаласы,  Орталық көрме залы (Желтоқсан к-сі, 137 үй/ Жамбыл к-сі).

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 30.05. – 01.06. 2025 жыл сағат 10:00 – 18:00

Ұйымдастырушылар: «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер» орталығы