2025 жылғы 1 маусымда 13:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде балалар сән әлеміндегі көптен күткен оқиға — республикалық Junior Models Show жобасының 11 маусымы өтеді. 2019 жылы негізі қаланған бұл жоба жылдар бойы балалар сәнін дамыту мен жас модельдердің талантын ашуға арналған маңызды платформаға айналды.

Junior Models Show: 11-маусым — сән, шабыт және мейірімділік.

Junior Models Show жылына екі рет өткізіліп, Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Петропавл, Семей және т.б. алты және одан да көп қалалардан 100-ден астам қатысушыны біріктіреді. Осындай кең географиялық қамтудың арқасында жоба республикалық мәртебеге ие.

Жобаның басты мақсаттары:

  • Қазақстандық өндірушілердің балалар сән көрсетілімін насихаттау және дамыту;
  • Балаларға пайдалы дағдыларды үйрету: дефиле, камерамен жұмыс және сахналық пластика;
  • Балалардың өзіне деген сенімі артып шығармашылық әлеуетін жүзеге асыра алатын орта құру.

Junior Models Show жобасының маңызды бөлігінің бірі — қайырымдылық миссиясы. Ұйымдастырушылар қайырымдылық қорларымен тұрақты түрде ынтымақтастық орнатып, акциялар, қаржы жинау іс-шараларын өткізіп, көмекке мұқтаж балаларға сыйлықтар тарту етеді. Әр маусым — бұл тек эстетикалық мереке емес, сонымен қатар жақсылыққа бастар жол.

Жоба аясында дизайнерлерге ерекше назар аударылады. Олардың көбісі ересектерге арналған сәнмен айналысса да, Junior Models Show үшін арнайы балаларға арналған эксклюзивті топтамалар әзірлеп, өздерінің бірегей шығармашылық идеяларын жүзеге асырады.

Осы маусымда подиумда белгілі дизайнер Сабина Вольскаяның ең ірі жеке топтамасы (solo show) ұсынылады. Сабинаның жұмыстары Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал — ол өз топтамаларын Түркия, БАӘ, Италия, Франция, Ресей, Грузия және Әзірбайжан елдерінде сәтті таныстырған. Оның стилі — балалар сәніне қазіргі көзқарасты, нәзіктік пен талғам үйлесімін бейнелейді.

Junior Models Show — бұл жай сән көрсетілімі ғана емес. Бұл — шабыттандыратын, адамдарды біріктіретін оқиға.

 

 Кураторы:  Гүлденай Бекбаулиева
«Музейлік педагогика және экскурсиялық қызмет» бөлімінің маманы