2025 жылдың 26 мамырында сағат 10:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледжі және О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің бірлесуімен «Филармония жас суретшілердің көзімен» атты пленэр жобасының ашылу салтанаты өтеді.

Бұл бастама Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мен Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының 90 жылдығына және композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Пленэрдің мақсаты — жас суретшілердің шығармашылығын қолдау, олардың ұлттық өнерге деген көзқарасын қалыптастырып, жаңа идеялар мен шығармашылық ізденістерге жол ашу. Жоба аясында қатысушылар мерейтойға орай филармония ғимараттарын, шығармашылық ұжымдарды және Жамбыл мұражайын бейнелейді.

Іс-шара 26-30 мамыр аралығында өтеді. 30 мамырда сағат 10:00-де марапаттау рәсімі ұйымдастырылады, онда белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталады.

Плэнер бағдарламасы:

  • 26 мамыр, 10:00 – Ашылу салтанаты (Жамбыл атындағы филармония)

  • 27 мамыр, 10:00–14:35 – Филармония аумағында сурет салу

  • 28 мамыр, 10:00–14:35 – Жамбыл мұражайында (Жамбыл ауылы) сурет салу

  • 29 мамыр, 10:00–14:35 – Филармонияда шығармашылық жұмыс жалғасы

  • 30 мамыр, 10:00 – Қорытынды марапаттау рәсімі

Ұйымдастырушылар барлық ақпарат құралдарынан жобаны насихаттауға ақпараттық қолдау көрсетуді сұрайды.