Жақында Алматыда «Amalbooks» баспасынан шыққан «Путешествие по казахским степям и Туркестанскому краю» кітабының тұсаукесері өтті. Шараның басты мақсаты - журналистер қауымын су жаңа кітаппен таныстыру. Аталған жиынға Almalife.kz тілшісі қатысып қайтқан болатын.
«Amalbooks» баспасының басшысы Бақытжан Бұқарбай:
Бұл кітап ХХІ ғасырдың ортасындағы оқиғаларға арналған. Біздің бұл кезекті туындымыз сол кездегі қазақтардың күнделікті күн көрісінен бастап, қоғамдағы қарым-қатынасына дейін сипаттайды. Бұл «таза тарих» сериясындағы 16-кітап. Серия 2021 жылдан бері жарық көріп келе жатыр. Бұл серия бойынша біз бұрын еш жерде жарық көрмеген тек тың деректерді топтастырамыз. Одан бөлек алдағы уақытта 18 кітап шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл деген сөз осымен шектеліп қаламыз дегенді білдірмейді. Әрине, одан басқа да елімізді тануға көмегі тиеді-ау деген дүние шығып жатса, неге шығармасқа? Бұл сан одан көпке артуы мүмкін. Дегенмен, әзірге жоспарымыз осы болып тұр.
Бұл кітапты қазірдің өзінде біз 2 рет басып үлгердік. Жалпы 3000 тираж болды. 1 басқанда 1500 дана шықты.
Біздің «таза тарих» сериямыздың аясында кейбір кітаптар қазақша да, орысша да жарық көреді. Кейбіреулері тек қазақша жарық көреді, ал кейбір кітаптарды біз орысша қалдыра береміз. Егер мына кітапты біз қазақшаға аударатын болсақ, бұның бюджеті көп болып кетеді. Кей кітаптар, әсіресе, осындай құжатты қамтитын кітаптар аудармашылық тұрғысында біріншіден күрделі, екіншіден фактологияны дұрыс беру керек. Одан шығын да, уақыт та көп болады. Басқа кітаптарды қазақшаға аударатын кезде тарихи консультант жалдадық, бұндай деректерді аудару өте қиын.
Кітап өзін-өзі қанша уақытта ақтайды деген сауылымызға баспагер: Жалпы, баспа саласында өзін-өзі ақтау деген ұғым шартты. Өйткені, бұл жерде кітаптың сатылымы қаншалықты упақытталап ететінін алдын ала ешкім болжай алмайды. Бір кітап өз шығынын ақтау үшін үш жыл кетуі мүмкін. Үш жыл бойы өз ақшаңызды күтіп жүрмес үшін, әдетте біз қаржылық қолдау көрсететін демеуші іздейміз. Менің ойымша тарих баспагерлердің ғана міндеті емес, барынша осы тақырыпқа жанашыр адам көмектесіп шығарысу керек деп ойлаймын. Ал басқа кітаптарға келетін болсақ, біз демеушілік іздемейміз, өз бюджетімізге шығара береміз».
Кітап наурыз айында жарыққа шыққан, алайда баспагердің айтуынша, ҚҚС бойынша мәселелер туындағандықтан көп кітаптың таныстырылымы кейінге шегеріліпті.
Кітаптың өзегінде – 1853 жылы Ақмешіт қамалына жасалған шабуыл туралы баяндау тұр. Макшеев бұл оқиғаның әскери мәнін ғана емес, оның Ресейдің Орта Азияға қарай жылжуы жолындағы стратегиялық маңызын да жанжақты сипаттайды. Сонымен қатар, еңбекте өңірдің географиясы, климаты, экономикасы мен этнографиясына қатысты құнды мәліметтер келтірілген.
Алексей Макшеевтің бұл еңбегі – XIX ғасырдағы қазақ даласы мен Түркістан өңірін зерттеуге арналған маңызды тарихи дереккөз. Генерал-лейтенант, әскери топограф ретінде ол 1848, 1851 және 1853 жылдары осы аймақтарға жасаған экспедициялары барысында көрген-білгенін егжей-тегжейлі сипаттайды. Еңбекте Ресей империясының шекаралық кеңістікті игеру үдерісі, әскери бекіністердің салынуы, әскерді жабдықтау, әскери жорықтар мен қазақ халқымен орнаған қарым-қатынас жақсы сипатталған.
Сөз арасында баспагер «Таза тарих» сериясында алдағы уақытта әлі 4-5 кітап немесе одан да көп шығып қалуы мүмкін екенін жасырмады. Ендеше, біз өз редакциямыздың атынан баспа ұжымына тек қана сәттілік тілейміз. Қазақты танытатын кітаптар қатары көбейе берсін!
Назира Бурханова
Фото: Amalbooks баспасөз қызметі