2025 жылғы 4 маусым күні сағат 19:00-де Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай, филармонияның үлкен залында Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі «Атамекен» атты концертін ұсынады.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Дінзухра Тілендиева.
Дирижерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Жалғасбек Бегендіков және халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Әбілқайырхан Бейсеков.

Сахна төрінде өнер көрсететін солистер:
Нұрғалым Аманбай, Дияр Нұрсұлтанов, Жұлдыз Байжұма, Рәния Айдын, Төлеген Рахымбаев, Саят Абдулла, Ернұр Мазанбеков — барлығы да халықаралық және республикалық деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары.

Концерттік бағдарламада:

  • С.Мұхамеджанов – «Шаттық Отаны»

  • Махамбет – «Жайық асу»

  • К.Күмісбеков – «Менің далам»

  • Қ.Ахмедьяров – «Күй Ұран»

  • Н.Тілендиев – «Ақиық»

  • М.Маңғытаев – «Қазақстаным менің»

  • Н.Тілендиев – «Жас ұландар маршы»

  • Е.Үсенов – «Қаршығаның төкпесі»

  • Мұхит – «Зәуреш»

  • Ө.Байділдаев – «О туған жер»

  • М.Маңғытаев – «Концерттік күй»

  • К.Күмісбеков – «Поэма»

  • М.Ержанов – «Қуанамын»

  • Е.Үсенов – «Ару Алматым»

  • Ән. М.Бектасов, сөз. Ш.Құсайынов – «Еңбекші Қазақ вальсі»

  • М.Төлебаев – «Кестелі орамал»

  • Н.Тілендиев – «Менің бабам Қарасай»

  • Қ.Ахмедьяров – «Нұрғиса»

  • Д.Тілендікеліні – «Мәңгілік елім»

  • Е.Хасанғалиев – «Атамекен»

Бұл кеш – елге деген сүйіспеншілікті, Отанға деген мақтаныш пен рухты оятатын ерекше музыкалық мереке. Әрбір шығарма – Тәуелсіз еліміздің жүрегіне айналған әндер мен күйлер арқылы тыңдарманды ұлттық болмысқа жетелейді.

«Атамекен» концерті – Отанға тағзым етудің, рухани байлыққа бөленудің жарқын көрінісі. Кеш барысында көрермендер қазақтың тарихи тамыры терең музыкалық мұрасын сезініп, елдік пен бірлік рухына толы әуендердің шуағына шомылады.