2025жылғы 5 маусымынан Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Су жолы: мұз, өзендер және шөлдер тарихы» атты Халықаралық фотокөрмесі ашылады.

Көрмеге әлемнің әр түкпірінен 22 фотографтың су ресурстарының біртіндеп жойылуы тақырыбына арналған фотосуреттері ұсынылған. «Бұл көрменің мақсаты – қазіргі заман өкілдерінің назарын осы маңызды мәселеге аудару. Мұздықтардың, қар мен мұздың климаттық жүйедегі өмірлік маңызы туралы түсініктерді арттыру, сондай-ақ олардың жылдам еруінің болашақтағы салдарлары туралы түсінік беру», - деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлайым Мұсағұлова Жұмабекова.

Көрме OneWater және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Аймақтық Кеңсесі мен су ресурстарын бағалау бойынша Дүниежүзілік бағдарламасы тарапынан ұйымдастырылған және БҰҰ-ның жариялаған Халықаралық мұздықтарды сақтау жылы және ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық халықаралық гидрологиялық бағдарламасының 50 жылдығы сынды екі маңызды оқиғаға арналады.

Экспозицияның негізіне OneWater және ЮНЕСКО-ның су ресурстарын бағалау бойынша Дүниежүзілік бағдарламасы ұйымдастырған Walk of Water халықаралық байқауы аясында жинақталған фотосюжеттер алынған. Соңғы төртінші байқау өткен жылы Азия даму банкі, MPB компаниясы және Бургхаузен қаласының қолдауымен өтіп, осы жиын мұздықтарға – «жер шарының су мұнараларына» арналған жиын болып табылады. 600-ден астам жұмыс ішінен су ресурстарының барлық көріністерін – мұздан, өзендерден, шөлдерден және жойылып бара жатқан су көздерінен көрініс беретін визуалды жұмыстар таңдалды. Бұл фотосуреттер тек табиғаттың сұлулығын ғана емес, климаттық өзгерістер жағдайындағы экожүйелердің нәзіктігін де жеткізеді.

Төртінші байқау жеңімпазы – Ладакхтағы (Гималай) мұз ступасы туралы Цирил Язбецтің фотосюжетінен тұрады. Олар табиғи мұздықтардың жоғалуын өтейтін жасанды мұздықтар. Басқа жұмыстар – еріп бара жатқан таулы мұздықтар, тартылып жатқан өзендер мен жойылып бара жатқан көлдердің кадрлары, оларды күнделікті өмірінде көріп, оларға тәуелді адамдардың көзқарасы тұрғысынан түсірілген.

Жаһандық қиындықтар жағдайында көрме ЮНЕСКО-ның миссиясы үшін ерекше маңызға ие – ғылымды тұрақты даму мен адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алға жылжыту, сондай-ақ біздің ортақ табиғи және мәдени мұраларымызды қорғау. «Су жолы» суды тек ресурс ретінде емес, біздің ортақ байлығымыз – табиғи, мәдени, рухани және барлық көріністерінде өмірлік маңызы бар дүние ретінде қарауға шақырады.

Фотокөрме 2025 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады.