2025 жылғы 24 маусым күні сағат 19:00-де филармонияның Үлкен залында 89-шы концерттік маусымның жарқын нотасымен аяқталуына арналған салтанатты концерт өтеді. «Музыка без границ» атты бұл кеш – филармония солистерінің көрерменге тартуы, шеберлік мерекесі болмақ.

Орындаушылар:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Гүлжан Өзенбаева (фортепиано),  Аида Аюпова (скрипка), Мәдениет қайраткері -  Ержан Әлімбетов (домбыра), Мәдениет саласының үздіктері: Мақпал Қазыбекқызы (дәстүрлі ән), Мұса Керімбаев (виолончель), Әділ Несіпбаев (фортепиано), халықаралық байқаулардың лауреаттары: Жанар Сулейманова (фортепиано), Майа Сепп (фортепиано), Ермек Құрманаев (виолончель), Федор Артамонов (виолончель), Динара Базарбаева-Сахаман (скрипка), Біржан Бәзілжан (дәстүрлі ән), Жанқожа Аяпов (дәстүрлі ән), Салауат Кәрібаев (виолончель), Диана Панаргалиева (фортепиано), Александра Наумова (фортепиано).

Бағдарламада:

  • А.Пьяццолла — «Либертанго»
  • Дж. Гершвин/И. Фролов — «Порги и Бесс» операсы тақырыптарынан Фантазия 
  •  Н.Тілендиев — «Аққу»
  • А. Хинастера — Аргентина билері, ор.2
  • А.Найманбаев — «Қысмет»
  • Г.Кассадо — «Танец зелёного дьявола»
  • М.Уәлиқызы— «Майра»
  • Г.Өзенбаева – «Фантазия»
  • Қазақ халық әні — «Япырай»
  • А. Глазунов — «Менестрель әні»
  • Ф. Шопен — Большой блестящий вальс, соч.18
  • С. Рахманинов — Си-бемоль мажор Прелюдиясы, ор.23
  • Л. Боэльман — Готикалық сюита (3–4 бөлімдер)
  • П. Чайковский — «Пеццо каприччиозо»
  • Й. Брамс — «Скерцо»
  • Э.Морриконе — Cinema Paradiso к/ф.нен музыка 

«Музыка без границ» концерті – маусымның соңғы нүктесі ғана емес, өнер мен руханияттың шекарасыз әлемін паш ететін музыкалық оқиға. Концерттік бағдарлама - ұлы музыканың тірі үнін тамашалауға келушілер үшін ұмытылмас эмоциялар сыйлайтын болады. Филармонияның жетекші солистері классикалық және дәстүрлі музыканың үздік шығармаларын орындайды. Мұнда домбыраның нәзік үні мен виолончельдің терең дыбысы, фортепианоның күрделі әуендері мен скрипканың шексіз сезімталдығы бір арнада тоғысады.