2025 жылдың маусым айының 20-шы жұлдызында сағат 19:00-де Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы 89-шы концерттік маусымының жабылуына арналған салтанатты концертін өткізеді. Кеш «Летний вечер с песнями на все времена» атауымен өтеді.

Бұл музыкалық кеш – хор өнерінің жарқын үлгілерін паш етіп, әр тыңдарманның жүрегіне жол табатын туындылармен өрілмек. Бағдарламада көпшілік сүйіп тыңдайтын танымал әндер шырқалады.

Мемлекеттік хор капелласының көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Бейімбет Демеуов.

Дирижер – Мәдениет саласының үздігі Әсет Ахметов

Хормейстерлер – Алтынбек Жолдыбаев, Алмат Есімханов

Концертмейстер – Асқар Күлшәріпов

Солистер құрамы:

Мәдениет саласының үздіктері: Роза Бақбергенова, Жігер Сатханов

Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары: Дияр Нұрсұлтанов, Гүлжазира Жолдасбаева, Қаламкас Қадырбаева, Бекзат Мұсаев, Иван Прытков, Назерке Абралы, Халид Орынқұл, Нұрбол Насипов, Индира Құдабаева, Мәди Жүнісов, Мейіржан Караманов, Мирас Киньяров, Біржан Матанов, Думан Раймбердиев, Әзиза Әбдрейім, Муштари Исламова, Жанат Рақыметова, Саид Масимов, Мейірхан Тілеулес.

Бұл – маусым қорытындысы ғана емес, қазақ хор өнерінің кәсіби деңгейін паш ететін және көрерменге музыкалық ләззат сыйлайтын әсерлі кеш болмақ. Маусым бойы хор ұжымымен бірге болған барша көрерменді маусымның қорытынды кешінде күтеміз.