2025 жылдың 4 қыркүйек сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында Қазақ КСР халық әртісі, алғашқы қазақ операларының, оркестрлік шығармалардың авторы, композитор Евгений Брусиловскийдің  120 жылдығына арналған концерт өтеді. Кеште Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық  оркестрі өнер көрсетеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Қанат Омаров.

Солист: Халықаралық байқаулардың лауреаты Динара Базарбаева-Сахаман (скрипка)

Бағдарламада:

«Құрманғазы» симфониясы

Скрипка және оркестрге арналған «Бозайғыр» сюитасы

«Жалғыз кайың» симфонилық поэмасы

«Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Дударай» операларынан әндер

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» балетінен «Адажио»

Қосымша ақпарат:

Композитор Евгений Брусиловский Перуінде тоғыз опера, төрт балет, тоғыз симфония және 500-ге жуық ән мен романс бар. Ол 1945-1992 және 1992-2006 жылдары (1945, Мұқан Төлебаев және Латиф Хамидимен бірге) Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранының музыкасының авторы. Евгений Брусиловскийдің есімі Еркеғали Рахмадиев, Бақытжан Байқадамов, Сыдық Мұхамеджанов сияқты қазақстандық классикалық музыканың көрнекті тұлғаларымен бір деңгейде. 90 жылдық тарихында филармонияның шығармашылық ұжымдары репертуарында композитордың туындылары кеңінен қолданылып келеді. Концерттік бағдарламада композитордың қазақ музыкасының ұлттық болмысын симфониялық биіктікке көтерудегі шығармашылық жетістіктері көрініс тауып, оның түрлі жанрда жазылған үздік туындылары тыңдарман назарына ұсынылады.