2025 жылдың 7 қыркүйек күні сағат 18:00-де Жамбыл атындағы филармонияның Н.Тілендиев атындағы Камералық залында филармония солисті, халықаралық байқаулардың лауреаты Динара Базарбаева-Сахаманның (скрипка) скрипкалық музыка концерті өтеді. Концертте фортепиано партиясында Диана Панаргалиева өнер көрсетеді.

Бағдарламада классикалық музыка әуесқойлары үшін ерекше әсер қалдыратын, скрипкалық репертуардың таңдаулы туындылары ұсынылады:

Р.Штраус - Скрипка және фортепианоға арналған соната op.18

Ф.Крейслер: «Муки любви»

                     «Радость любви»

                     «Прекрасный Розмарин»

                      Э.Бич - «Романс»

                      П.Сарасате: «Цапатеадо»

                     «Андалузский романс»

«Ж. Бизенің «Кармен» операсындағы тақырыптарға арналған фантазия»

 өңд. А.Сағымбаев - «Көроғлы»

Концерт – 90-шы концерттік маусымның ашылуы ғана емес, скрипкалық музыка өнеріне арналған музыкалық мереке болмақ. Бағдарлама романтизм мен XX ғасыр композиторларының шығармаларын, Батыс Еуропа классикасы мен ұлттық музыканың үндестігін қамтиды. Әр шығарма көрерменді терең эмоция мен шеберліктің үйлесімін сезінуге жетелейді.

Динара Базарбаева-Сахаман – техникалық шеберлігімен, нәзік музыкалық сезімталдығымен ерекшеленетін өнер иесі. Оның орындауында скрипка жаңаша сыр шертіп, әр шығарма жаңа тыныс алады. Классикалық музыканың биік рухын сезінгісі келетін тыңдармандар үшін бұл кеш ұмытылмас әсер қалдырмақ.