2025 жылы 14 қыркүйек күні сағат 18:00-деН. Тілендиев атындағы Камералық залда пианист,  «Pro Cultura Hungarica» премиясының және АҚШ, Италия, Франция және Ұлыбританиядағы халықаралық байқаулардың лауреаты Жанар Сулейманова «2025 Францияның атаулы күндері» атты концерт өтеді.

Концерттің атауына сәйкес, 2025 жылы Францияда ұлттық маңызы бар бірқатар маңызды мәдени, тарихи оқиғалар мен тұлғалардың мерейтойлары атап өтіледі. Осы орайда, концерт бағдарламасы француз классикалық музыкасының інжу-маржандары саналатын композиторлардың шығармашылығына арналады. Музыкалық кеш Франция мәдениетінің тереңдігін, көркемдік ерекшелігін, стильдік алуандығын көрсетуге бағытталған. Солист Жанар Сулейманова француз композиторларының фортепианоға арналған таңдаулы шығармаларын орындай отырып, тыңдарманды XIX–XX ғасырлардағы Франция музыкасының сырлы әлеміне жетелейді.

Бағдарламада:

1 бөлім:

К.Сен-Санс - Этюд соль-диез минор, соч. 111, No 1.

                        Этюд «Колокола Лас-Пальмаса», соч. 111, No 4.

                        Токката, соч. 111, No 6 (по финалу Пятого концерта с оркестром)

Г.Форе - Ноктюрн No 1 ми-бемоль минор, соч. 33, No1.

                Ноктюрн No 7 до-диез минор, соч. 74.

                Вальс- каприс No 1 Ля мажор, соч. 30.

2 бөлім:

М.Равель - Благородные и сентиментальные вальсы»

                   «Сонатина»

П.Булез - «12 нотаций» (фортепаиноға арналған)

Қосымша ақпарат

Дарынды пианист Жанар Сулейманова сахнада 7 жасынан бастап өнер көрсетіп келеді. Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатын алтын медальмен бітірген. (М.К. Даукеева мен профессор Ж. я. Аубакированың фортепианодан және Б. Т. Аманжолдың және профессор Г. А. Жұбанованың композиция бойынша сыныптары). 1997 жылы Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясын (профессор А. Г .Севидов), 1999 жылы П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының ассистентура - тағылымдамасын (аспирантурасын) (профессор Н. В. Трулль және Е. Р. Рихтер) бітірген. Пианист Италия мен Германияда шеберлік сабақтарын алып, Дж.Верди атындағы Милан консерваториясында профессор П.Бордонимен бірге итальяндық шәкіртақы  тағылымдамасынан өтті. 2019 жылы пианист Париждегі Альфред Корто мектебінде Француз музыка академиясында тәжірибеден сәтті өтуі арқылы француз фортепиано музыкасының жеке орындауын жетілдіріп, Француз стипендиясын иеленді. Мектеп жылдарында алғаш рет Көкшетау қаласында өткен республикалық пианистер байқауында және Ташкентте (Өзбекстан) өткен облыстық байқауда жүлделі орындарға ие болды. 1992 жылы АҚШ-тағы (Оңтүстік Миссури) халықаралық байқаудың финалисті және дипломанты атанды.

Жанар Сүлейманова халықаралық байқаулардан жүлделі орындарға ие болды.  Италиядағы күміс финалист медалі («Лигуриядағы Пальма д'Оро»), Франциядағы «Жиырмасыншы және жиырма бірінші ғасыр» халықаралық байқауында Рикардо Виньес сыйлығы,  Ұлыбританияда өткен «Golden Time Talent» байқауында бірінші орын иегері атанды. 

 Пианист Қазақстан мен шет мемлекеттер де жүзге жуық концерт беріп келеді. Оның ішінде жеке концерттермен қатар, оркестрде, камералық ансамбльде солист болып өнер көрсетті. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен, А.Байтұрсынұлы атындағы күміс медалімен марапатталған. Биыл Жанар Сүлейманованың Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының солисі болып қызмет атқарғанына биыл 25 жыл толып, атап өтілді.