Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2025 жылдың 1 қазан күні сағат 12.00-де Халықаралық қарттар күні мерекесін, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Әлеуметтік «Қамқор» үйінде «Қариясы бар ел – қазыналы ел» атты мәдени іс-шарасын ұйымдастырады.
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл күн – қоғамымыздың қазынасы болған қарттарымызға алғыс айтып, құрмет көрсетуге арналған ерекше мереке. Қарттар күні тек мереке ғана емес, үлкендерді ардақтап, олардың өмірлік тәжірибесі мен даналығына тағзым ететін күн. Бұл – жастарды құрмет пен мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі.
Іс-шараға соғыс және еңбек ардагерлері, зейнеткерлер мен қарттар үйіндегі қариялар қатысады. Іс-шара барысында қарттарға гүл шоқтары табысталып, арнайы дастархан жайылып, Қарасай аудандық мәдениет үйінен концерттік бағдарламалар мен демеушілерден берілген сыйлықтар табысталады.
Демеушілік көрсеткендер: «Qulpynai» ЖШС, «s`TAMISH», «Вэтнас» ЖШС, «Ақсай нан» ЖШС, «Масло-Дел» ЖШС, «Das sauda» ЖШС, «Фирдаус» ЖК, «Садыхан» компаниясы, «АUYL», «JINAU» мейрамханалары.
Іс-шараның өтетін орны: Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Әлеуметтік «Қамқор» үйі» КММ.