19 қазан күні Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында ұлттық дәстүр мен еуропалық өнер үндескен ерекше концерт — «Музыкалық диалог: Қазақстан — Италия» өтеді.
Концертке танымал орындаушылар қатысады:
-
Жанар Сулейманова — «Pro Cultura Hungarica» сыйлығының және АҚШ, Италия, Франция, Ұлыбританиядағы халықаралық байқаулардың лауреаты (фортепиано);
-
Риккардо Пьячентини — пианист және композитор (Италия);
-
Тициана Скандалетти — сопрано (Италия).
Кеш қонақтарын XX–XXI ғасырлар композиторларының туындылары күтіп тұр. Бағдарлама мәдениеттер үндестігі мен жаңа көркемдік пішіндерді іздеуге арналған шығармаларға толы.
Бағдарлама:
-
Нұрғиса Тілендиев (1925–1998) — «Саржайлау» (дауыс пен фортепианоға арналған өңдеу)
-
Альфредо Казелла (1883–1947) — Фортепианоға арналған Баркарола және Токката
-
Лучано Берио (1925–2003) — «Төрт халық әні» циклінен: «Нежное начало», «Идеальная женщина», «Бал»
-
Ферруччо Бузони (1866–1924) — №2 Элегия «All’Italia. In modo Napoletano»
-
Кэти Берберян (1925–1983) — «Morsicathy» (фортепианоға, Морзе әліппесіне және «масаға» арналған); «Stripsody» — дауысқа арналған шығарма, Роберто Замариннің комикстері негізінде
-
Риккардо Пьячентини (1958 ж. т.) — «Гединиана» (2025) және «Мәңгілік музыкалық жиһаз» (2025)
-
Эрик Сати (1866–1925) — «Итке арналған сылбыр прелюдиялар» және «Мәңгілік танго» («Айтыс пен сауық» циклынан, “Duo Alterno” нұсқасында фортепиано мен фото-дыбыстарға арналған)
-
Ферруччо Бузони — Бизенің «Кармен» операсындағы тақырыптарға жазылған камералық фантазия
-
Луи Андриссен (1939–2021) — The Beatles тобының төрт әніне арналған өңдеулер:
“Yesterday” — (Габриэль Фореге арналған)
“You’ve Got to Hide Your Love Away” — (Генри Пёрселлге арналған)
“Michelle” — (Морис Равельге арналған)
“Ticket to Ride” — (Георг Фридрих Гендельге арналған)
Бұл концерт — қазақы рух пен италиялық сезімталдықтың, классикалық дәстүр мен заманауи эксперименттің тоғысқан сәті. Музыка тілі арқылы Шығыс пен Батыс мәдениеттері бір сахнада үндеседі.