28-29-30-31 қазан күндері сағат 18:30-да Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының Жанат Хаджиев атындағы эксперименталды сахнасында Антон Чеховтың «Шие бағы» пьесасы желісі бойынша сахналанған спектакльдің премьерасы өтеді.
Бұл қойылым жас әрі дарынды режиссер Рача Махатаевтің сахналауымен заманауи көзқараспен қайта жаңғыртылған классика. Рольдерде қазақ театр өнерінің жарқын тұлғалары – Жанар Мақашева, Жомарт Зейнәбіл, Нұржан Асылхан, Рабина Белгібаева және тағы да басқа дарынды артистер өнер көрсетеді.
«Шие бағы» — адамның ішкі күйзелісі мен өмірдің өткінші екенін суреттейтін терең философиялық туынды. Бұл спектакль – өткеннен қол үзе алмау мен жаңашылдыққа қадам басу арасындағы күрес, уақыттың өтуі мен өзгерістің заңдылығын қабылдау, адамның тағдыр алдындағы дәрменсіздігі туралы сыр. Өмір мен өлімнің, шындық пен елестің арасындағы нәзік шекараға ой жүгіртіп, мәңгіліктің мәнін іздеуге жетелейтін туынды.
Сіздерді адам жанының тереңіне бойлайтын, сахна мен шындықтың арасын жалғайтын ерекше атмосферадағы спектакльдің куәсі болуға шақырамыз. Сіздерден ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!