1–14 қараша аралығында Ұлттық орталық музейде Қазақстанның заманауи зергерлік өнеріне және қолөнер дәстүрін жалғастырып жүрген шеберлерге арналған KazakhYuvelir 2025 көрмесі өтеді.

Экспозицияда KazakhYuvelir 2025 сыйлығының финалистері — мәдени мұрадан шабыт алып, заманауи эстетикаға өзіндік көзқарас танытқан зергер-дизайнерлердің ең үздік туындылары ұсынылады.

Көрме қонақтары көне таңбалар мен ою-өрнектердің заманауи пішіндерге және идеяларға үйлескен авторлық бұйымдарын тамашалай алады. Бұл — зергерлік өнердің естелігі арқылы сұлулық пен шабытты жеткізетін ерекше кеңістік.

Қатысушылар өз жұмыстарын музей көрмесінде ұсынуға, кәсіби қазылар алқасының бағалауынан өтуге және жалпы жүлде қоры 6 000 000 теңге болатын байқауда бақ сынауға мүмкіндік алады.

Қазылар алқасы:

Жұмыстарды бағалау дизайн, зергерлік өнер және өнер тарихы салаларындағы мойындалған сарапшылардан құралған, мінсіз талғам мен мәдениетті дамытуға деген ұмтылысы ортақ мамандар тарапынан жүргізілді:

  • Айда Инкербаева — «Қазахювелир» АҚ Бас директоры (CEO)
  • Айжан Бекқұлова — «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы қолөнершілер одағының төрайымы
  • Ералы Оспанұлы — суретші-график, этнограф, өнертанушы
  • Естай Даубаев — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры
  • Жамиля Нұрғалиева — «Целинный» заманауи мәдениет орталығының директоры
  • Гаухар Қаппарова — G&G компаниясының Бас директоры (CEO), Nurlan Kapparov Foundation қорының негізін қалаушы
  • Жамиля Абилова — abr компаниясының PR және креативті директоры

KazakhYuvelir тарихи зергерлік үйі туралы:

«KazakhYuvelir» 1941 жылы құрылған және Қазақстандағы алғашқы әрі ең ірі зергерлік компанияға айналды. 80 жылдан астам уақыт бойы бренд ұлттық зергерлік дәстүрді сақтап қана қоймай, шеберлер ұрпақтарын біріктіріп, жаңа авторларға шабыт беріп келеді. Дәл осы тарихи тәжірибе мен мәдени жауапкершілік Сыйлықтың құрылуына негіз болып қана қоймай, саланы қолдауға, Қазақстандағы зергерлік өнердің дамуына үлес қосуға мүмкіндік берді.

«Біз қазақ зергерлік өнері мен саланың тұтастай дамуына жауапкершілік сеземіз. Сондықтан біздің міндетіміз — тек қазақ халқының зергерлік өнерін сақтау ғана емес, бүгінгі күні осы өнерді жалғастырып келе жатқан шеберлерге қолдау көрсету. «KazakhYuvelir 2025» сыйлығы — жас шеберлерге өзін көрсету, жариялауға және кәсіби ортаға лайықты түрде қосылуға мүмкіндік беретін шақыру», — дейді «KazakhYuvelir»-дің бас директоры.