21 және 23 қарашада Астана мен Алматы балет өнерінің орталығына айналады – Almaty Theatre және Astana Ballet сахналарында классикалық және заманауи балет жұлдыздарын біріктіретін FREEDOM FESTIVAL IV өтеді.

Фестиваль «Астана Опера» театрының Алтынай Асылмұратова жетекшілік ететін «Пахита» балетімен ашылады. Екінші бөлімде көрермендерді Berlin Ballet Company труппасының Қазақстандағы дебюті – CHOREO X бағдарламасы күтеді. Бағдарламада Marco Goecke, Nacho Duato, Angelin Preljocaj, Arshak Ghalumyan және басқа да хореографтардың жаңашыл жұмыстары ұсынылған.

Іс-шара қарсаңында Freedom Finance Global PLC Директорлар кеңесінің төрағасы Сергей Лукьянов, American Ballet Theatre прима-балеринасы Хлоя Миссельдайн және Staatsballett Berlin премьеры Мартин тен Кортенаар қатысқан баспасөз конференциясы өтті. Сонымен қатар конференцияға Berlin Ballet Company көркемдік жетекшісі Аршак Галумян мен жоба продюсері Данияр Шманов қатысты.

«Freedom Festival жанрлар арасындағы диалог пен шығармашылық өзіндік өрнекті біріктіретін дәстүрлі алаңға айналды. Биыл көрермендерді классика мен заманауи хореографияның ерекше үйлесімі күтеді: “Астана Опера” оркестр дирижері Элмар Бурибаевтың басқаруымен классикалық “Пахита” спектаклін ұсынса, Berlin Ballet Company батыл заманауи қойылымдарын көрсетеді. Мұндай үндестік фестивальдің шабыттандыру және біріктіру мақсатындағы талпынысын көрсетеді», – деді Сергей Лукьянов.

Дәстүр бойынша фестиваль заманауи өнер көрмесімен қатар жүреді. Арнайы қонақ — халықаралық арт-сахнада танымал суретші Азиза Шаден. Ол Өзбекстанның Мәдениет пен өнерді дамыту қорының қолдауымен жасалған және алғаш рет Бухара Биенналесінде ұсынылған видеоинсталляциясын көрсетеді. Бұл жұмыс Қазақстанда алғаш рет ұсынылмақ.

Freedom Festival IV ұйымдастырушысы – Freedom  Holding Copr.