Жаңа жыл мерекелерінің қарсаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына С. Прокофьев музыкасына қойылған «Күлше қыз» спектаклінің премьерасын ұсынды.
Бұл қойылым дүниежүзілік сахналардан түспей келе жатқанына 80 жыл болды және XX ғасырдың ең лирикалық әрі сүйікті балет ертегілерінің бірі саналады. Нәзік хореография, музыканың драматизмі және мейірім, еңбек пен арманға адалдық туралы мәңгілік тарих сахнада шынайы керемет сезімін тудырады.

Балет труппасының жетекші солистері көрерменге шынайы мерекелік ертегі сыйлап, петерборлық хореограф, А. В. Селезнёв атындағы Алматы хореография училищесінің түлегі Екатерина Волкованың қойылымындағы «Күлше қыз» арқылы классика әлемінің сиқырлы атмосферасына енуге шақырды. Бұл жоба хореограф үшін алғашқы ірі дебют болып, оның туған сахнасына және кәсіби жолының бастауларына символикалық қайта оралуы болды.
Премьера екі күн бойы қаланың басты сахналарында – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында және «Almaty Theatre» қойылды. Алматы классикалық балеттің дәстүрлі жанкүйерлері де, хореография әлемін енді ғана ашып жатқан жас көрермендер де ұзақ күткен бұл қойылымды тағы да сахнадан тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

«Бұл әңгімені балет тілімен қалай жеткізуге болатынын ұзақ ойландым: қандай эпизодтарға екпін қою, қандай бейнелерді негізгі ету, сюжетке өзімше қай жерде жаңа реңк беруге болатынын. “Күлше қыз” — өте кең әрі көп мағыналы ертегі, алайда мен үшін оның негізін сақтау маңызды болды: бұл – классикалық хореографиялық тілмен, қозғалыспен, музыкамен, сахна кейпімен және әртістердің тірі эмоцияларымен айтылатын классикалық спектакль.
Көрермен бала кезден таныс әңгімені қайта танып, сонымен бірге өзіне жақын жаңа қырларын ашса деймін», – дейді хореограф-қоюшы Екатерина Волкова.
Екатерина театрдың маркетинг саласындағы жаңашыл көзқарасын, ұжымның жоғары кәсіби деңгейін, педагогтардың шеберлігін және балет қою үдерісіндегі жылы шығармашылық атмосфераны ерекше атап өтті. Премьераның алғашқы күнінде Күлше қыз партиясын Минами Ватанабэ (Жапония) , ал екінші күні бұл партияны Сымбат Максут орындады. Қойылымдағы басты рөлдерді балет труппасының жетекші солистері орындап, олардың виртуоздық техникасы мен көркем актерлік ойыны көрерменге әр адамға жақын ертегінің әсерлі бейнесін жеткізді.

«Күлше қыз» желісі әр буынға өзекті болып қала береді. Спектакль жарыққа, рухани шабытқа толы және еңбек, сабыр мен адалдықтың кез келген қиындықты жеңуге көмектесетінін жеткізеді.

«Біз Булат Газизович Аюхановтың дәстүрі мен мұрасын сақтай отырып, ұлы мәтрдің балет өнеріндегі ісін жаңа трендтерге және заманауи бағыттарға сай жалғастырамыз. Театрдың мақсаты – хореография данышпаны жасаған қойылымдарды ұқыппен қалпына келтірумен қатар, репертуарды жаңа жұмыстармен толықтыру, танымал балетмейстерлер мен хореографтарды, әртістерді шақыру, географияны және шығармашылық коллаборацияларды кеңейту, осылайша академиялық бидің тілін әрдайым тірі әрі талап етілетін ету.
Біз үшін әр репертуар жаңаруы Булат Газизович белгілеген жоғары көркемдік стандарттарға сүйеніп, әр қазақстандықтың талғамы мен рухани деңгейін дамытуы маңызды!» – дейді би театрының директорының м.а. Жаныбек Төлеубекович Утегенов.

Кештің мерекелік атмосферасын театр фойесіндегі көрме толықтырды. Қонақтарға фотограф Алёна Глаголева жұмыстарының экспозициясы ұсынылды. Оның сахна артындағы өмірді, жұмыс репетицияларын және сахналық сәттерді бейнелеген фотосуреттері көрерменге балет әлемін жаңа қырынан көріп, бұл мерекелік кештің артында қаншама еңбектің тұрғанын сезінуге мүмкіндік берді.
Алматыдағы «Күлше қыз» балетінің премьерасы маусымның жарқын мәдени оқиғасына айналды — классика мен заманауилықтың, ертегі мен шынайылықтың, музыка мен грацияның нәзік тоғысы ретінде көрермендер жүрегінде ерекше әсер қалдырды. Финал ұзақ қол шапалақтармен және ыстық ықыласпен аяқталды.
8 желтоқсанда, сағат 19:00-де би театры Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы сахнасында өтетін «Балет шамдары» атты Жаңа жылдық Гала-концертке көрерменді қайта күтеді.
Билеттер Ticketon платформасында қолжетімді: «НОВОГОДНИЙ ГАЛА-КОНЦЕРТ «Огни балета»».