2026 жылғы 29 наурызда сағат 18:00-де Н.Тілендиев атындағы Камералық залда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы «Музыка және табиғат» атты концерт өтеді.

Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, пианист Жанар Сулейманова өнер көрсетеді.

Кеш бағдарламасы табиғат бейнелерінен шабыт алған әр дәуір композиторларының шығармаларын біріктіреді. Бағдарламада Жан-Филипп Рамо, Клод Дебюсси, Морис Равель, Оливье Мессиан, Франц Шуберт, Ференц Лист, Фредерик Шопен, Роберт Шуман, Пётр Чайковский, Жермен Тайфер және Александр Затаевич шығармалары орындалады.

Концерт екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде табиғаттың дыбыстары мен көріністерін бейнелейтін нәзік әрі әсерлі туындылар ұсынылады: Рамоның «Құстардың үн қатуы» және «Тауық» пьесалары, Дебюссидің прелюдиялары «Кешкі ауада қалқыған дыбыстар мен иістер», «Тұмандар», «Батыс желі не көрді», Равельдің «Су ойыны», сондай-ақ Мессианның «Құстар каталогы» циклінен «Иволга» және «Отты арал I» этюді.

Екінші бөлімде табиғат тақырыбы романтизм мен импрессионизм дәстүрінде жалғасады. Бағдарламада Шуберт–Листтің «Баркароласы», Листтің «Орман шуылы» концерттік этюді, Шопеннің ре-бемоль мажор прелюдиясы, Шуманның «Болжаушы құс» пьесасы, Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» циклінен «Наурыз. Бозторғай әні», «Сәуір. Бәйшешек», Рахманиновтың «Сирень» шығармасы, Тайфердің нәзік миниатюралары және Затаевичтің туындылары орындалады.

«Музыка және табиғат» концерті — дыбыс пен табиғат бейнелері үндескен әсерлі музыкалық саяхат.