2026 жылғы 11 маусым күні сағат 19:00-де Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен зал галереясында (ІІ қабат) «Open Spain» халықаралық байқауының лауреаты — Мемлекеттік ағаш үрмелі аспаптар квинтетінің орындауындағы «Top Chamber Compositions» концерті өтеді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ермановтың жетекшілігіндегі ұжым әлемдік камералық музыканың таңдаулы туындыларын ұсынып, үрмелі аспаптардың әсем үні мен көркемдік мүмкіндіктерін паш етеді.
Квинтет құрамында:
- Сұлужан Елубаева (флейта);
- Елазат Әжмағамбетов (гобой);
- Жанат Ерманов (кларнет);
- Бақдәулет Жолдыбек (фагот);
- Манарбек Сабит (валторна).
Концертмейстер — Гүлназ Қосаманова.
Концерт бағдарламасында әлемдік музыка өнерінің көрнекті өкілдері жазған камералық шығармалар орындалады. Көрермендер Сергей Рахманиновтың нәзік лирикаға толы «Вокализін», Роберт Шуманның романтикалық рухтағы «Үш фантастикалық пьесасын», Петр Чайковскийдің әсерлі «Ноктюрнін», Камиль Сен-Санстың виртуоздық «Интродукция және вариациялар тақырыбын», сондай-ақ флейта мен фортепианоға арналған жарқын туындылар мен Эдуард Келлердің «Эхо» атты камералық триосын тыңдай алады.
Бұл концерт камералық музыка әлемінің сан қырлы байлығын танып, Қазақстанның жетекші орындаушыларының жоғары шеберлігін тамашалауға мүмкіндік береді.
Күні: 2026 жылғы 11 маусым
Уақыты: 19:00
Өтетін орны: Үлкен зал галереясы, ІІ қабат