2026 жылғы 30 шілдеде Ә. Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде фотоөнер мен әдебиетті тоғыстыратын бірегей жобаның ашылуы өтеді. Иә! Әдебиетті! Жаңа коллаборациялар, өнердің түрлі бағыттарының біртұтас көркемдікке ұласуы, өнер синтезі, перформанс ... Эльвина Краснованың бұл жобасын әртүрлі сипаттауға болады, бірақ оның басты идеясы мен түпкі мәні өте тереңде жатыр – мүлде бөлек, әртүрлі адамдарды, өнерге ұмтылған барша жанды өнер әлеміне баулып, оларды үлкен жобаның бір бөлігіне айналдыру!

Таңғаларлығы, Эльвинаның кітап оқуға байланысты конкурс өткізу туралы бұрыннан келе жатқан ойы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітапқұмар ұлтты қалыптастыру» шаралары туралы жуырдағы Жарлығын (16.05.2026 ж. Жарлық) қолдай отырып, бүгінгі күні өте өзекті әрі дер кезінде қолға алынған бастама болды.

ELBookClub және LEADER Кәсіпкерлік академиясының негізін қалаушы, «Super Brain» миды және есте сақтау қабілетін дамыту бойынша кітаптар мен әдістемелердің авторы Э. Краснова «Менің өмірімді өзгерткен кітап» байқауының идеялық авторы әрі шабыттандырушысы. Аталған байқау кейіннен «Біздің өміріміз жазу жолдарында...» атты ауқымды мәдени жобаға ұласты. Байқауға қатысушылардың өмірден алынған шынайы оқиғалары кітаптың адамның дүниетанымына, адамгершілік ұстанымына және тұлғалық қалыптасуына ықпал ететін маңызды мәдени құбылыс екенін көрсетеді. Конкурстың 30 жеңімпазы, 30 оқиға, 30 адам осы мәдени жобаның толыққанды қатысушысы атанып, өз жұмыстарын еліміздің бас өнер музейі – Ә. Қастеев атындағы музейде ұсынды! «Менің өмірімді өзгерткен кітап» жобасы – бұл автордың білімді, ынтымақтас әрі жауапкершілігі жоғары қоғамсыз жүзеге аспайтын қуатты да гүлденген мемлекет құруға қосқан үлесі. Осы орайда, жобамыздың серіктесі – Орталық Азиядағы ең танымал әрі ең ірі «Книжный город» дүкені еліміздің осы бағытта дамуына баға жетпес үлес қосып отырғанын атап өтпеске болмайды.

Өз елінің тағдырына бейжай қарамау идеясының заңды жалғасы ретінде көрменің орталық экспозициясы – «Менің Қазақстаным кадрларда...» атанды. Мұнда Татьяна Скачконың 50 фотожұмысы ұсынылған. Бұл жұмыстарда табиғи ландшафт тек көркемдік бақылау нысаны ретінде ғана емес, сонымен бірге елдің мәдени және табиғи мұрасына деген құрметті қалыптастыратын кеңістік ретінде де ашылады. Жобадағы қазақ халқының тарихы мен қолданбалы өнерінің материалдық құндылықтары DASUR стиль және декор этнокеңістігі коллекциясынан алынған Қазақстан қолөнершілерінің авторлық жұмыстарымен ұсынылған. «Менің Қазақстаным кадрларда... Біздің өміріміз жазу жолдарында...» жобасындағы өнердің бірнеше түрінің коллаборациясы бір идеяға, бір тақырыпқа – туған елге деген сүйіспеншілікке, оның ұлттық бірегейлігіне, бейжай қарамауға, оның болашағы туралы толғаныстарға және өз Отанының тағдырына белсенді қатысуға біріктірілген!

Қала тұрғындары мен қонақтарын осы ауқымды мәдени оқиғаның куәсі болуға шақырамыз!

Көрменің ашылуы 30 шілдеде сағат 16:00-де өтеді.

Өтетін орны: Ә. Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі, Көктем-3 ы/а, 22/1.

Жоба авторы: Эльвина Краснова
Кураторы: өнертанушы Наргиз Алиб