Almaty Theatre сахнасында «Киелі би» балет-триптихының премьерасы өтеді
11 және 12 шілде Almaty Theatre «Киелі би» балет-триптихының премьерасын ұсынады. Режиссер-хореограф Мукарам Авахри мен «Астана Балет» театрының дарынды солисттері заманауи би тілі арқылы замана сабақтастығы, рухани жалғасы тақырыбын қозғайды. Триптих сан қатпарлы туынды ретінде көрініс тапқан. Мұнда түрлі мәдени және тарихи кезеңдерге куә бола аласыз.