"Музейдегі сол бір кеш" мәдени-танымдық кеші
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тікелей қолдауымен Мемлекеттік орталық музейі министрлікке қарасты оқу орындарымен бірлесе отырып, Студенттер күніне орай 2023 жылдың 16-қарашасында сағат 16.00-де "Музейдегі сол бір кеш" мәдени-танымдық кешін өткізеді. Жобаның бас серіктесі Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы.