4-ші маусым күні сағат 13.30-де Нұр-Сұлтан қаласында «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында пластик пен алюминийдің қайталама шикізатын жинайтын елордадағы алғашқы фандоматтың салтанатты ашылуы өтеді. Бұл іс-шара Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай өтеду.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, «Оператор ӨКМ» ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, «Ecoplatform» ЖШС Директоры Әділет Нұрселинов және «Керуен» СОСО Бас директоры Галина Зкрияева қатысады.

Жоба пилоттық режимде іске асырылуда, алдағы уақытта фандоматтарды galmart супермаркеттер желісіне толықтай, сондай-ақ елорданың басқа да сауда орталықтарында орнату жоспарлануда. galmart -сатып алушылардың шикізатты қайта өңдеуге тапсыра алатын Нұр-Сұлтандағы алғашқы супермаркеттер желісі. Сондай-ақ, супермаркеттерде I care өзінің жеке экологиялық бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаның мақсаты – қоршаған ортаға саналы түрде қарау. Супермаркеттерде полиэтиленді пакеттер мен пластиктерді пайдалану азайтылды, олар отандық өндірушілердің биологиялық тұрғыда ыдырайтын ақылы пакеттеріне, эко-қапшықтарына және крафт пакеттеріне алмастырылды. Фандоматтарды енгізу қоршаған ортаға зиянсыздық жолында жасалған тағы бір қадам болады.

Фандомат – бұл «Ecoplatform» ЖШС эксклюзивті дилерінен алюминий және пластик ыдыстарын жинайтын роботтандырылған ресейлік аппарат. Бұған дейін фандоматтар Алматы қаласындағы Dostyk Plaza СОСО-да орнатылған болатын.


«Ecoplatform» ЖШС туралы

Серіктестік қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу саласында өз қызметін жүргізетін TAZA KALA TAZA EL брендімен белігілі компаниялар тобына кіреді. Компанияның қызметі Қазақстанның «жасыл экономика» шеңберінде ресурстарды пайдалану мен қалпына келтіруді оңтайландырумен тікелей байланысты.

Аппарат мөлшері 2,5 литрге дейін тек құрғақ, таза және мыжылмаған пластик пен алюминий ыдыстарын қабылдайды. Фандоматтың жанында қағаз, шыны және пластик қалдықтарын қабылдауға арналған қоқыс жәшіктері орнатылған.