“Алма” сауда орталығында 7 маусым күні сағат 15.00-де @alma.center инстаграм парақшасында вакцина алған қала тұрғындарын қолдауға шешім қабылдаған кәсіпкерлердің сыйлықтары ойнатылады.

Акцияға қала тұрғындары қатысып, 27 мамыр мен 6 маусым аралығында екпе алды. Олар коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинадан кейін лотерея талондарын толтырды.

Барлығы 35 жүлде ойнатылады. Олардың ішінде: Kimex дүкенінен 50, 30 және 25 мың теңгеге ақшалай сертификаттар, шаш қию машинасы, фен, бейнетіркегіш, шай жинағы, жапқыш, шам, пісіруге арналған жиынтық секілді ұтыстар болады.