Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының төртінші кезеңінің финалисі болған алматылықтармен кездесу өткізді. Бұл жоба 2017 жылдан бастап "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында бәсекеге қабілеттілік, прагматизм мен білімге табыну идеяларын әртүрлі мамандықтағы нақты адамдардың арқасында іске асуда.
4 жылдың ішінде жобаға 7 мыңнан астам адам қатысты, олардың 163-і жеңімпаз атанды. Оның 46-сы алматылықтар. Байқаудың төртінші кезеңінде барлық жеті сала бойынша ("Қоғам", "Мәдениет пен спорт", "Медицина", "Ғылым мен инновация", "Бизнес", "Экология" мен "Білім") үш мыңға жуық қазақстандық өтінім берген, арасында 9 алматылық финалис бар. Олардың арасында кәсіпкерлер, ғалымдар, журналистер, спортшылар, мұғалімдер мен еріктілер бар. Олар түрлі салаларда табыстарға қол жеткізді әрі олардың тәжірибесі басқа алматылықтар үшін үлгі.
Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жеңімпаздарға алғыс хаттар табыс етіп, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткенін айтты. Жобада жеңіске өздерінің дарыны, еңбекқорлығы арқылы қаламыздың тұрғындарын кеңінен тани білген, қазақстандықтың бәсекеге қабілетті әрі табысты бейнесін қалыптастыруға өз үлестерін қосқан адамдар жетті.
"Жобада Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен, жеңіске өздерінің таланты, еңбекқорлығы арқылы бәсекеге қабілетті әрі табысты бейнесін қалыптастыруға өз үлестерін қосқан адамдар жетті. Біздің отанымыз дарынды азаматтарға жағдай жасайды. Патриотизмде отанға деген сүйіспеншілігіміз маңызды. Біздің еліміз жастардың жетістікке жетуіне мүмкіндік береді. Жоба жеңімпаздары миллиондаған адамдарға үшін үлгі", – деді Е. Бабақұмаров.
Жүзге енген жаңа есімдердің ішінде-ҚазҰАУ халықаралық вакцинология орталығының директоры, профессор-Қайсар Табынов. Ғалым ғылым мен инновация саласында жеңімпаз атанды: ол өз тобымен бірге соңғы 15 жыл ішінде қауіпті инфекцияларға қарсы 10-ға жуық вакцина жасады. Оның бірегей жобалары қазірдің өзінде қолданылады. Жеңімпаздар қатарында жаңашыл әрі табысты кәсіпкер Таир Баталов та бар. Ол астық нарығындағы әлемдік айналымның 80%-на дейін реттейтін компания құру арқылы мыңнан астам жұмыс орнын құрды. Жеңімпаздар тізімінде профессор, журналист әрі "Тұран-ТВ" телеарнасының жүргізушісі, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқытушысы Мадина Әшімова бар. Ол сондай-ақ "Nomad"саяхатшылар клубын ұйымдастырды.
"Мен бірқатар әлеуметтік жобалардың ұйымдастырушысымын, журналист болып жұмыс істеймін әрі ЖОО-да сабақ беремін. Жас қазақстандықтарға өз арманына жету керектігін көрсеткім келеді. Менің жобаға қатысуым әйелдің тағдыры тек отбасы мен үйде ғана емес екенін көрсетеді”, – деді Мадина Әшімова.
Сондай-ақ "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздары қатарында: фотограф, "OKO STUDIO" негізін қалаушы Данияр Сәрсейұлы, АҚШ-тағы хоккей клубының жаттықтырушысы, Princeton Tiger Lilies командасының бас жаттықтырушысы, спортшы әрі хоккей шабуылшысы Бұлбұл Картанбай, стартапер, Warwick Boring негізін қалаушы әрі бас инженері Тайжан Санжар, химия пәнінің мұғалімі, жапондық аниме "Наруто" арқылы мектеп пәнінен сабақ беретін Ұлан Үсенов, "Kzphdgirlsunion" еріктілер жобасының негізін, "Carl Zeiss" компаниясындағы экстремалды УК-лифтография саласындағы ғалым Әмина Мирсакиева мен АҚШ-тағы "Qazaq time" жобасының жүргізушісі Данияр Қожан бар.