28-29 шілде аралығында Алматы қаласында электрондық музыканттарға арналған бірінші халықаралық «UYA Forum» онлайн-форумы өтеді. Форум өзара іс-қимыл, білім мен тәжірибе алмасу үшін тиімді алаң болады. Аталған форум өмірін электронды музыкамен байланыстыратын жас таланттар үшін пайдалы болады.

Форум ұйымдастырушылары болып Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы креативтік индустрияларды дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің қолдауымен «UYA» қауымдастығы табылады.

Бірінші «UYA Forum» дәл осы жерде өтуінің символдық мәні бар, өйткені Алматы 2017 жылғы қарашадан бастап музыка саласындағы ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалары желісінің бір бөлігі болып табылады.

Форум Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ және Еуропа спикерлерін, соның ішінде диджейлерді, саунд-продюсерлерді, менеджерлерді, промоутерлерді, электрондық және заманауи музыка, радиостанциялар мен теледидар өкілдерін жинайды.

Сондай-ақ, «Грэмми» беделді марапатын жеңіп алған алғашқы қазақстандық – Иманбек Зайкенов қатысады.

Онлайн-форум аясында Қазақстандағы креативті экономиканың дамуын талқылау жоспарлануда, онда негізгі бағыттардың бірі «музыка» болып табылады.

Сонымен қатар, музыкалық жобаны дамыту негіздерінен бастап монетизацияға дейін, халықаралық лейблдар мен паблишерлермен қарым-қатынас орнату, Иманбектің табыс тарихы және т.б. түрлі тақырыптарға шеберлік сыныптары өткізіледі.

Тіркеуге сілтемесі бар форум туралы толық ақпаратты @uya.qazaqstan ресми Instagram-аккаунтынан және https://t.me/uyaqazaqstan Телеграм каналынан алуға болады.