Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың жетістіктері туралы айтты. Ол мұражайлардың бірігуі, Мемлекеттік қуыршақ театрының жаңа ғимаратының құрылысы және хайуанаттар бағында аю мен гиенаға арналған жаңа қоршаудың жасалғаны туралы айтты.

Ғ. Майлыбаев атап өткендей, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы Музейлер қауымдастығы ағымдағы жылы «Музей FEST-2021» республикалық онлайн-акциясын өткізді.

«Жыл басынан бері мұражайлар базасында 30-дан астам көрме өткізілді, 248 шара ұйымдастырылды. Пандемияның шындығын ескере отырып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33%-ға көп», - деді басқарма басшысы.

Ғ. Майлыбаев сонымен қатар мемлекеттік қуыршақ театрының жанынан жеке орналасқан екі қабатты жаңа өндірістік корпус салудың жоспарланғанын айтты. Жаңа ғимаратта декорация, костюм бөлшектері мен қуыршақтардың фрагменттері тігілетін болады.

Ғ. Майлыбаев Алматы хайуанаттар бағының жетістіктері туралы жаңалықтармен де бөлісті. Онда 130 жабайы аңдар дүниеге келді, аю мен гиенаға арналған жаңа корпус іске қосылды. Бұл хайуанаттар бағына келушілер санына оң әсер етті. Соның арқасында биыл хайуанаттар бағында 565 289 адам болды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 200%-ға көп.