Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне заманауи өнер бойынша білім беру дәрісін өткізетін суретшілер үшін Art Residence ашылады

Қазақстандағы заманауи өнерді қолдау жобасы аясында Qazaqstan Oneri, Lotte Rakhat және Art Future Art Residence резиденциясының өз есігін ашады. 1 қазан мен 29 қараша аралығында 2 ай бойы Қазақстанның заманауи суретшілері Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне шеберлік дәрістері мен семинарлар өткізеді.

Қолөнершілердің балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірлесіп жасаған соңғы жұмысы «Lotte Rakhat» кондитерлік өнімдерінің қаптамасын безендіреді. Жоба еліміздің кондитерлік брендінің 30 жылдығына орайластырылды.

«Рахат компаниясының тәуелсіз Қазақстанда еңбек еткеніне 30 жыл толады. Qazaqstan Oneri жобасы тұтынушылармен бірге заман ағымымен өзгеретін ескі брендтің құндылықтарын жақсы көрсетеді. Жобаның мақсаты, бір жағынан, балаларды өнер әлеміне баулу, сонымен қатар жас авторлардың көркем шығармаларын таныстыруда қолдау көрсету. Екінші жағынан, отандық және шетелдік тұтынушыларды сапалы өніммен қуанту», - деп «Лотте Рахат» АҚ маркетинг жөніндегі директоры Әсел Мақұлбекова өз пікірін білдірді.

Жобаға 30 бала қатысып, көркемдік шеберлік дәрістерін тегін өтеді. Арт резиденциядағы сабақтардың кестесі жалпыға міндетті мектеп бағдарламасын ескере отырып белгіленеді. Сондай-ақ, арт резиденцияда барлық санитарлық қауіпсіздік шарттары орындалады.

«Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтар қайта құру кезеңінен толық айырылудан, өзіндік сәйкестікті іздеу, экономиканың дамуы, талдау, қорытынды жасау және жоспар құра алатын уақытқа дейін әр түрлі кезеңдерді бастан өткерді. Көркемдік орта мұндай өзгерістерге ерекше жауап береді. Қоршаған әлемді бейнелеп, біздің уақытымызды көркем бейнелер арқылы мұрағат жүргізеді. Бүгінде аналогты және цифрлық технологиялардың заманында дүниеге келгендер әлемді басқаша қабылдайды, сондықтан резиденцияға қатысушылардың орташа жасы - 30 жас. Lotte Rakhat фабрикасының бренді де 30 жаста. 30 бала fine art, стилистика, кеңістіктік ойлау, граффити және street-art өнері бойынша білім алады. Өнердің басты мақсаты - безендіру емес, үнемі рефлексияға ұмтылу, жауап іздеу, әлемге басқа қырынан қарау», - Art Future жобасының негізін қалаушы, Esentai галереясының директоры Тоғжан Сақбаева.

«Qazaqstan óneri» Қазақстандағы заманауи суретшілерді қолдау жобаларының топтамасын біріктіреді. Осылайша, бір жыл бұрын компания Art Future-мен бірге ортақ жобаны іске асырды. Шоколад өнімдерінің мұқабасында Асқар Есдәулет, Қазақбай Әжібекұлы, Ержан Танай, апалы-сіңлілі Ғалия мен Бота Құсайыновалар, Оразбек Есенбаев, Арыстанбек Шалбаев секілді заманауи қазақстандық суретшілердің туындылары бейнеленді. Сондай-ақ, 2020 жылы дүкен сөрелерінде жас суретші Әйгерім Кәрібаеваның иллюстрациясы бейнеленген өнімдер пайда болды. Ал 2019 жылы атақты суретші Мұрат Ділманов кеуекті шоколад пен Алматы кәмпиттер жиынтығының дизайнын жасады.


Ақпараттық анықтама:

Алматы кондитерлік фабрикасы 1942 құрылды. 1992 жылы мекеме «Рахат» АҚ болып құрылды.  2013 жылы LOTTE Confectionery Оңтүстік Корея компаниясы «Рахат» АҚ негізгі акция пакеттерін сатып алды.   приобрела основной пакет акций АО «Рахат». LOTTE Confectionery Оңтүстік Кореяның 5-ші ірі конгломераты LOTTE тобының еншілес кәсіпорны және штаб-пәтері Сеулде орналасқан Оңтүстік Кореядағы жетекші кондитерлік компания.

2014 жылдан бастап LOTTE Confectionery кондитерлік фабрикасы 60 миллион доллардан астам инвестиция бағыттады.

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Рахат» кондитер фабрикасы өз атауын «LOTTE Rakhat» АҚ етіп өзгертті.

Кондитер фабрикасы кондитерлік өнімдердің жалпы 400 түрін шығарады. Компанияның ассортиментіне шоколад, печенье, вафли, шоколад, карамель, ирис, зефир, драже және т.б. кіреді. Кейбір өнімдердің Қазақстан нарығында баламасы жоқ.

Компания өнімдері Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей, Моңғолия, Армения, Әзірбайжан, Қытай және басқа елдерде ұсынылған. LOTTE Rakhat фабрикасы 2021 жылы 8 айда 19,1 мың тонна өнім экспорттауды жоспарлап отыр. 2021 жылы экспорт 11,2 мың тоннаны құрады, 2020 жылға қарай өсім 8% құрады.

2022 жылы «Рахат» бренді тәуелсіз Қазақстанда 30 жыл табысты жұмыс жасағанын және құрылғанына 80 жыл толуын атап өтеді.

Qazaqstan Oneri жобасы туралы толығырақ http://qazaqstanoneri.rakhat.kz/ сайтында