«Алғыс айту күні» қарсаңында әйгілі «Медеу» мұз айдынында «Бақытты отбасы» орталығында тіркелген Алмалы ауданындағы көп балалы отбасыларына арналған қайырымдылық шарасы өтті.
Бұл шараның ұйымдастырушысы Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен бірлесе отырып «Жетісу күші» қоғамдық қоры болды, акцияны ұйымдастыруға ат салысқан ауданның «Бақытты отбасы» орталығы, Туризм және қонақжайлық индустриясы колледжі.
«Жетісу күші» ҚҚ «Медеу-Алматы» қонақ үйінің басшылығына аз қамтылған көп балалы отбасылардың бір топ балаларын еріп жүретін адамдарымен жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдіреді. Оларды орналастыру үшін екі VIP-бөлме бөлінді.