Қазақстанның Православиелік Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың Пасхалық Жолдауы
Сіздердің Аса Қасиетіліктеріңіз, аса адал әкелер, қымбатты аға-інілер мен әпке-қарындастар, Қазақстан жерінің тұрғындары!
ХРИСТОС ТІРІЛДІ!
Осындай қасиетті апостолдық сөздермен, өмірдің өлімді жеңген аса қуанышты әнұранымен барлықтарыңызды шын жүректен қарсы алып, мерекенің Мерекесі және салтанаттың Салтанаты – Христостың Жарқын өлімнен Тірілгенімен құттықтаймын.
Құтқарушының өлімненТірілгені – Христосқа сенген әр адамның өміріндегі басты күні, өйткені Құдай Иенің Пасхасымен бізге пейіштің есігі ашылады, біздің рухани тәжірбиеміз жаңарып, артады, сеніміміз өседі, үмітіміз нығайады. Біздің ойлы көз алдымызда – алынған тас және бос кабір, және аппақ қардай жарқыраған киімімен періште қатты дауыспен: «Қорықпаңдар. Крестке керілген Иисус Назарянинді іздеп жүрсіңдер ме; Ол өлімнен тірілді, Ол бұл жерде жоқ. Оның қойылған жері міне» (Мк. 16:6). Біз Құдай Иенің өлімнен тірілгенін естіп қана қоймай, сонымен бірге рухани көзімізбен «барлығын өмірмен жарықтандырған Шындық Күні Христосты» көреміз. Киелі епископ Иерусалимдік Софронийдің сөзі бойынша: Христостың өлімнен Тірілгені өлімнің шірігенін болдырмай, тозақтың түнегін қуды, және қайтыс болғандарды кабірден тұрғызды, және «әр көздің жасын» алды» (Ис. 25:8), және әр адамға шыныменде қайтып алынбас құт береке берді».
Құтқарушының өлімді жеңуі – Оған сенген, оларды Құдай Ие Өзінің Жалғыз, Әлембіріктіретін және Апостолдық Қауымына жинап алған адамдардың өлімнен тірілуі және мәңгі өмірі. «Хритостың Әкесінің даңқымен өлімнен тірілгеніндей» (Рим. 6:4) бізде апостол Павелдың сөзі бойынша «күнә үшін өлі болып, Құдай үшін тірі болуға» (Рим. 6:11) шақырылғанбыз. Ешкім Құдайдың махаббатына безек қақпасын, өйткені әр қайсымыз үшін Кресте – «Өзіне әлемнің күнәсін алған, Құдай Қозысы» (Ин. 1:29) таза және адал Құрбандық әкелінген. Көмек сұраған әр кімге Құдай қол ұшын береді. Ол, жомарт және мейірімді (Пс. 85:15), адал жүрегімен Оған дұға оқығандарды күнәға қанша терең құласа да, тазалыққа, киелікке, өлімсіздікке шығарады.
Құдайдың ұлы мейірімділігін куәландыратын Құдай Иенің Голгофадағы тәубе еткен қарақшыға айтқан сөздері болды: «саған шын айтам, енді Менімен бірге пейіште боласың» (Лк. 23:43) – деп.
Біздің мерекелі өлеңдерде даңқтайтын «Жаңа Пасха, киелі, құпиялы Пасха», өміріміздің күндерін жарықтандырып, игі істерге нығайта және құштарлықпен істеуге бағыттау керек (Тит 2:14). Христостың махаббаты, бізге өзінің барлық айқындығымен Құтқарушының Крестік өлімімен және өлімнен Тірілуімен, әрекетті болды, сондықтан біздің де жауабымыз оған сондай – шынайы, нағыз, Құдайдың даңқы үшін жақындарға пайда мен қуанышқа игі істерге толы болу керек. «Егер Мені жақсы көрсеңдер, – дейді Құдай Ие, – Менің өсиеттерімді орындаңдар» (Ин.14:15). Игі Хабарда біз, апостолдардың өлімнен Тірілген Хритостың бұйрығы бойынша «барлық жерге барып уағыз айтып, Құдай Иенің көмегімен және таңғаларлық істермен сөздерммен күшейгенін» (Мк. 16:20) оқимыз. Киелі епископ Григорий Палама, тек ғажайып құбылыстар жайында ғана емес, әрекетті сенім жайында былай дейді: «Бұлар қандай белгі? – Әрекеттен шыққан іс. Егер біреу Құдайға сенмімім бар деп тұрып, бірақ сенімге лайық әрекетті істері болмаса, ешқандай пайда жоқ». Құдайдың даңқы үшін істеген әр игі істеріміз, дұғамен жасалған істеріміз, әр жұбатар сөздеріміз, әр қайғы кешкен бейшаларға рахымшылығымыз және адасқандарға шыдамдылық көрсеткеніміз – бұның бәрі біздің айналамыздағы адамдарға көрсеткен игі хабарлық белгі, бұл сенімнің ғажайыбы, бұл түнекке батқан, жырмалаған қарама-қайшы және жақтырмаулықта болған, махаббаттың азайуынан тонған әлемдегі Христостың шындық жарығының сәулесі.
Біз үрейге және қайғыға толы күрделі заманда өмір сүріп жатырмыз, бырақ Құтқарушының сөзін еске алайық: «Сендерге шын айтам: Әкеден Менің атымнан не сұрасаңдар да, сендерге береді» (Ин.16:23). Христостың Өзімен, біз дұға айтып Аспандағы Әкемізбен қатынаста болуға мүмкіндік алып, Одан алған нұр жауған рухани күшпен өзімізді және айналамыздағы шынайылықты игілікке өзгертейік. «Сенімі бар адамға барлығы мүмкін» (Мк. 9:23), – деп бізді Құдай Ие қоштайды, сондықтан безек қақпайық, бірақ әулиелер сияқты қайраттылықпен сенімге төзуге орнығайық, сонда Христостың өлімнен Тірілгенінің қуанышы бізге ұлы керемет ретінде, біздің жердегі өміріміздің басты мағынасы ретінде ашылады.
Биылғы жыл Қазақстанның Митрополиттік аймағына тарихи және рухани маңызы бар – кәзіргі Қазақстанның аумағындағы Түркестан епархиясының құрылуының 150-жылдығы датасымен белгіленді. Осы оқиғамен біздің көне жерімізде христианствоның көп ғасырлар бойы болғанының қортындысы белгіленіп, сонымен қатар Православие сенімінің біздің жерде келешекте болуына бегімді іргетас қойылды. Біз Қазақстанда бірінші болған иерарх, Орталық азияның апостолы және Түркістан мекенінің ағартушысы болып аталған, соныммен қатар барлық архипастырларды, пастырларды, монах қызметіндегілерді және жәй адамдарды өзінің еңбегімен, уағыздарымен бұл мекенде Крестке Керіліп және өлімнен Тірілген Христосқа сенімді үйреткен архиепископ Софонии (Сокольскийдің) еңбегін еске аламыз. Пасхалық жарқын күндері бізді маңызды оқиға күтеді – Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдың батасы бойынша Қазақстан жеріне, Құдайдың нұр жауған құт берекесімен біздің жерімізді киелеп және бізді рухани жұбата, Игі Хабарлық өмірге бағыштайтын Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Ананың ғажайыпты оқиғаларға толы «Одигитрия-Полонская» иконасы әкелінеді.
Барлықтарыңызды шын жүректен Христостың Тірілу салтанатымен құттықтап, апостолдың тілегін айтайын: «шындыққа, діншілдікке, сенімдікке, жақсы көрулікке, шыдамдыққа, кішіпейілдікке ұмтылыңдар» (1 Тим. 6:11) және аса қуанышты өмірдің өлімді жеңген әнұранын дауыстап айтамын:
ХРИСТОС ТІРІЛДІ! – ШЫНЫМЕНДЕ ТІРІЛДІ!
Қазақстанның Православиелік Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан Митрополиті