2022 жылдың 19 мамыр айында Өңірлік коммуникациялар қызметі базасында Батырхан Шөкеновтің 60 жылдығына арналған BATYR.GÜL ALMATY концертін ұйымдастырушылардың қатысуымен брифинг өткізілді.

Спикерлер:

  • ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова – концерттің көркемдік жетекшісі;
  • Бауыржан Шөкенов – "Батырхан Шөкенов атындағы Қор" Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы;
  • Наргиз Шөкенова - "Батырхан Шукенов атындағы Қор" Қоғамдық қорының директоры

Концертті ұйымдастырушылар ауа-райының қолайсыздығына байланысты сахнаны Республика сарайының көрермен залына ауыстыру туралы шешім қабылданғанын жариялады. Қойылымдар жоспарланған бойынша 20 мамыр сағат 19:30-да өтеді. Көрермендерге екі аймақ қолжетімді болады: Республика Сарайының көрермен залы (Достық, 56) және Сарайға іргелес жатқан Абай атындағы алаң.

Залға кірем деушілердің барлығына Ticketon сайтында тіркелу ашық болады, билеттер тегін беріледі. Концерттің өзгерістері туралы хабарланғаннан кейін бір тәуліктен аз уақыт ішінде 2000-нан астам билет брондалды.

Ішке кіре алмағандар үшін Абай алаңында үлкен экранда трансляция ұйымдастырылады. Сондай-ақ, концерттің көрермендері үшін алаңда тамақ пен сусындар бар фуд-тректер, отырғыштар мен жаңбырдан қорғандар ұйымдастырылады, бұл жоғары жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде концертті ұйымдастырушыларға ең маңыздысы.

Концерт жайлы:

BATYR.GUL ALMATY арнау концерті – бұл Батырхан Шөкенов атындағы Қоғамдық қорының қызметінің жалғасы, ол әнші туралы естелікті сақтауға және Қазақстанның жанды әрі күшті мәдени ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Батырдың репертуарындағы әндер жаңаша шырқалатын болады. Аранжировкаларды жасауға әнші мұрасын қайта зерделейтін Шырын Базаркұлова, Илья Башкатов, Галымжан Берекешев, Данияр Бержапраков, Ренат Гайсин, Адильжан Толукпаев және Сатжан Шаменов сынды талантты композиторлар тартылды. Олардың жұмысының нәтижесі – бұл үнемі тәжірибе жасап, вокалист, композитор және продюсер ретінде өзіне жаңа көкжиектер ашқан Батырға деген құрмет.

Әртістің сүйікті әндері Қанат Омаровтың, хордың, солисттердің және орындаушылардың, яғни Батырдың достары мен замандастары (Рустем Нұржігіт, Марсель, Шаба), сондай-ақ жас музыканттардың (Алибек Альмадиев, Мади Сыздықов, Makvin, dudeontheguitar, Досжан Үбі) басқаруымен алғаш рет Мемлекеттік академиялық симфония оркестінің (ГАСО) орындауында шырқалатын болады.

Барлық ақпарат w ww.batyr.foundation сайтында, Қордың әлеуметтік желілерінде: Instagram және

 Facebook қол жетімді.

 Күні және мекен-жайы: 20 мамыр, 19:30, Республика сарайының көрермен залы

 Концерттің көрсетілімі: Абай алаңы, (Республика Сарайы, Достық даңғылы, 56)