Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы мен «Дар» қоғамдық қоры Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақмола облысы Урюпинка ауылындағы ҚМУ «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені тәрбиеленушілеріне, Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және Пионерлер үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық шараларын өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты – өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көмектесіп, қолдау және өскелең ұрпаққа қамқор болып, қоғамның азаматтық жауапкершілігін арттыру.

«Халықаралық балаларды қорғау күні жай ғана балалар мерекесі емес. Бұл үлкендерге балалардың балалық шағы бақытты өтуіне жауапты екенін еске салады. Балалар үнемі қамқорлық пен қолдауды қажет етеді, сондықтан оларға үнемі көңіл бөлу өте маңызды. Балаларға көмектесу арқылы біз қоғамымызды өзгертіп, жақсарта аламыз», – дейді «Дар» қоғамдық қорының өкілі.

Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған арнайы экскурсиялық бағдарламаның демеушісі және бірлескен ұйымдастырушысы болды. Нұр-Сұлтандағы карантин шектеулерінен кейінгі алғашқы сапар аквапаркке бару, Динопаркке бару, пейнтбол ойындары және әскери-тактикалық ойын клубы сияқты шынайы жазғы іс-шаралармен балалардың есінде қалды. Экскурсиялар сыйлықтар табыстаумен аяқталды, мұнда ешбір бала назардан тыс қалмады.

«Барлық баланың балалық шағы бақытты өтуі керек. Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы мақсатты және қоғамдық балалар бағдарламаларын қолдап, көмектесуге ерекше көңіл бөледі. Біз бұл қызметті адами және қоғамдық парызымыз деп санаймыз және мұндай бастамалар қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналуына ұмтыламыз», – деді бас директор кеңсесінің меңгерушісі Фарида Төлеубаева.

Huawei Technologies компаниясының қайырымдылық шаралары тек Балаларды қорғау күні аясында өткізілмейді. Компания жоғары әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік саясатын ұстанады, жыл сайын ата-анасы жоқ балаларға, аз қамтылған немесе өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға арналған қайырымдылық акциялары мен бағдарламаларын өткізеді.


Huawei компаниясы туралы

Huawei компаниясы – инфокоммуникация және инфрақұрылым шешімдерінің, сондай-ақ смарт құрылғылардың жетекші жаһандық жеткізушісі. Оның жұмысының негізгі бағыты – телекоммуникация желілері, ақпараттық технологиялар, смарт құрылғылар және бұлтты қызметтер. Солай бола тұра Huawei компаниясы цифрлық технологияға бизнестің де, түпкі тұтынушылардың да қол жеткізуіне ұмтылады, осылайша интеллектуал, мінсіз байланыс әлемін құруды жақындатады.

Huawei компаниясының жан-жақты портфолиосындағы өнімдер, шешімдер және қызметтер аса сенімді және бәсекеге қабілетті. Huawei экожүйелік серіктестермен ашық жұмыс істей отырып, өз тұтынушыларының мүмкіндіктерін кеңейту арқылы олардың коммерциялық әлеуетін жасайды.

Huawei жаһандық прогреске итермелейтін іргелі зерттеулерге көп қаржы бөледі. Компанияда әлемнің 170-тен астам елінде 188 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Huawei – 1987 жылы құрылған жеке компания. Ол толығымен қызметкерлердің меншігінде.