Алматыда төртінші мәрте 2-5 қыркүйек аралығында қазақстандық тау туризмі мен спортты насихаттауға арналған халықаралық фестиваль өтеді. Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларды өткізудің негізгі мекендері "Медеу" ТСК және "Шымбұлақ" ТК болады.
Марлен Маралов, Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары:
«Алматы қаласы ашық ауада әуесқойлар үшін тартымды орын болып саналатындықтан фестиваль халықаралық туристік алмасуды арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, Алматы шетелдік қонақтарды орналастыру орындарына тіркеу бойынша жетекші үш қаланың бірі».
Ұйымдастырушыларының айтуы бойынша, фестивальдің барлық күндерінде 6 мыңнан астам адам келеді деп күтілуде.
Ринат Абдрахманов, "Шымбұлақ" ТШК директоры:
«Қала әкімдігімен бірлесе отырып, біз дене шынықтырудың әртүрлі деңгейлерін таза ауадағы әуесқойлардан кәсіби спортшыларға дейін қарастыратын арнайы бағдарлама әзірледік. Біз қала тұрғындары мен қонақтарын фестиваль жайлы хабардар етіп, қаламыздағы тау мерекесін бірге атап өтуге шақырамыз».
Қатысушыларды тіркеу 2022 жылдың 9 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында жалғасады. Фестивальге тіркелу www.mountfest.kz арнайы сайтында жүргізіледі.