Almaty Mount Fest-2022 халықаралық фестиваліне қатысушыларды тіркеу аяқталды. Туриадаға, downhill, skyrunningжәне альпиниадаға қатысуға екі мыңнан астам адам өтініш білдірген. Қатысушылар қыркүйектің 3-і мен 4-і күндері тау жолдарын бағындыру бойынша жарысқа түседі. Ал 2 қыркүйекте фестивальдің ашылуы өтуде.

Almaty Mount Fest-2022 салтанатты ашылуы аясында ұйымдастырушылар спорттық жарыстарға қатысушыларға, сондай-ақ оңтүстік астананың қонақтары мен тұрғындарына арнайы бағдарлама дайындады. Сонымен қатар, барлығына тақырыптық шеберлік сабақтары, динамикалық DJ-сет, байқаулар мен жарыстар болады.

Бұл шараның ерекшелігі фото кептіру форматындағы «Таулар шақырады» тақырыбындағы фотокөрме болмақ. Бір қызығы, оған кәсіби фотографтардан бастап, фото өнерін жаңадан бастаған жандар мен әуесқойларға дейін барлығы қатыса алады. Барлығын біріктіретін басты шарт – тау пейзаждары мен спорт тақырыбындағы суреттер. Барлық ұсынылған фотосуреттерді қазылар алқасы мен көрмеге келушілер бағалайды. Ал үздік бейнелердің авторлары естелік сыйлықтарға ие болады.

Ойын-сауық бағдарламасынан басқа бұл күні спорттық жарыстардың барлық қатысушыларға стартер пакеттері ұсыналады. Ал демалыс күндері  3 және 4 қыркүйекте тау шыңдарын бағындыру арқылы өздерінің күші мен рухын көрсететін болады.

Еске сала кетейік, Almaty Mount Fest-2022 төрт күн бойы өтеді:

2 қыркүйек 2022 ж. 
- салтанатты ашылу, старт пакеттерін беру

3 қыркүйек 2022 ж.
 - таудан төмен қарай велосипед тебу жарыстары (DOWNHILL);

 - жаппай туристтік саяхат (TURIADA)

4 қыркүйек 2022 ж.
- тауда жүгіру жарыстары (SKYRUNNING);
- «Молодежный» шыңына жаппай көтерілу (АЛЬПИНИАДА)

5 қыркүйек 2022 г.
- «Таулы курорттарды дамытудың мәселелері мен болашағы» тақырыбындағы халықаралық форум;
- жабылу салтанаты, жеңімпаздарды марапаттау