MRS. Globe Kazakhstan байқауының негізгі идеясы ("Жер шарының ханшайымы Қазақстан") отбасын танымал етуге және отбасылық құндылықтардың беделін арттыруға, Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға және танымал етуге, елдің ішкі және сыртқы туризмін дамыту мен ілгерілетуге бағытталған.
Бас жүлдені жеңіп алған ханым Mrs. Kazakhstan Globe титулының иегері болады және беделді MRS. GLOBE халықаралық байқауына ел намысын қорғауға барады.
Сондай-ақ, қазылар алқасы вице Mrs. Globe Kazakhstan атанатын үш ханымды таңдайды, сонымен қатар, қатысушылардың бірі Көрермендер көзайымы жүлдесін алады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді отбасы, бизнес, білім, спорт, саясат, мәдениет, қоғамдық өмір саласында жетістіктерге жеткен 25 жастан 45 жасқа дейінгі азаматшалар берді. Олардың қатарын тұрмыс құрған, азаматтық некеде тұрып жатқан және ажырасқан ханымдар құрайды . Қатысушылардың 70% - ның балалары бар. Кейбір қатысушылар бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандар.
Марианна Гурина, Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі:
"Әйелдер-біздің өміріміздің белсенді жандандырушысы. Көп нәрсе жасай алады. Әдемі және іскер бола алады. Үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Мемлекеттік басқаруға әйелдер көбірек қатысатын болса, онда Қазақстан бұдан да көп жеңіске жетуі мүмкін. Қазірдің өзінде біз Парламенттегі әйелдердің саны 30% деген цифрға жақындап келеміз. Сондықтан бізге барлық қатысушылар үшін жаңа мүмкіндіктерін ашатын байқаудың бар екенін сезіну өте жағымды болып отыр".
Финалдық іріктеу туры үшін 300 адамның ішінен 22 конкурсант таңдалды, олар көрнекі үш дефилеге қатыспақ, оның ішінде презентация, яғни өздерін таныстыру, сосын қатысушылар қазылар алқасының алдына ұлттық костюмдермен, артынан эксклюзивті кешкі көйлекпен шығады.
MRS. Globe Kazakhstan байқауының финалы 8 қазанда Rixos Almaty қонақ үйінде өтеді. Қонақтар Қазақстан мен ТМД шоу-бизнес жұлдыздарының концерттік бағдарламасын тамашалайды.
Жанна МЕЙРЕМБАЕВА , бизнес-ханым, франшиза иесі, MRS. Globe Kazakhstan сұлулық байқауының ұйымдастырушысы:
"Mrs. Globe халықаралық сұлулық байқауының өткізіліп жатқанына 26 жыл болды. Осы жылдар ішінде ол өте танымал және әйгілі конкурсқа айналды. Енді Қазақстанда жыл сайын қазақстандық Mrs. Globe өткізу мүмкіндігі болып отыр . Елдің ханымын таңдау-әлемнің көптеген елдерінде бар дәстүр. Қазақстанда отбасына да, өз ісіне де, дамуына да уақыт табатын табысты әйелдер жеткілікті. Қатысушылар жетістіктердің жаңа деңгейіне көтеріліп, бизнес бойынша жаңа серіктестер мен инвесторлар табатын болады".
Барлық қатысушылар жеке тұлға ретінде өсу, шешендік шеберлік, beauty индустрия және СӨС салаларындағы сарапшылардан мастер-класс серияларынан өтті.
Басты имидж- жобаның стилисі- Азии Style session стилистер қауымдастығының негізін қалаушы және жетекшісі, Қазақстандағы алғашқы стилистика жөніндегі "Шесть Шагов к Совершенному Стилю" оқулығының авторы, көптеген ТВ және онлайн жобалардың стилисі Мәди Бекдаир.
Байқаудың қазылар алқасының мүшелері-MRS GLOBE Dr Tracy Kamble негізін қалаушы, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, XXVI жазғы Олимпиада ойындарының Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, Миссис Россия Globe-2019, 4 ұлдың анасы, Әйелдер академиясының негізін қалаушы-Ксения Кривко, кәсіпкер, журналист, жүргізуші, продюсер, медиа-сарапшы, блогер Серік Ақышев, VQ BUSINESS CLUB бизнес – қоғамдастығының негізін қалаушы Лейла Қайназарова.
Кеш жүргізушісі-актер әрі шоумен Тәуекел Мүсілім.
Анықтама үшін:
Mrs Globe-бұл 1996 жылдан бері өткізіліп келе жатқан үйленген ханымдарға арналған халықаралық сұлулық байқауы. Оған 25-45 жас аралығындағы әйелдер, әлемнің 80 – нен астам елінің өкілдері қатысады. Байқау алғаш рет Америкада өтті. Жеңімпаз өз елін әлемдік Mrs . Globe ұсынады.
Іріктеу кезеңі 2021 жылдың 1 желтоқсанында басталды, оған 25 пен 45 жас аралығындағы үш жүзден астам әйел қатысты.
Батыс Қазақстаннан өтінімдердің 11% берілді, еліміздің Орталық бөлігінен 10% . Қазақстанның Шығыс бөлігі тұрғындарының белсенділігі төмендеу болды, 2%.
Өтінімдердің үштен бір бөлігі Қазақстанның Солтүстік бөлігіндегі сұлу ханымдардан (31%) түсті, Оңтүстік Қазақстан болса көш бастап тұр – өтінімдердің 46%.
Қатысушылардың 60% тұрмыс құрғандар, оның ішінде 10% азаматтық некеде тұрып жатыр, ажырасқандары – 30%.
Жобаға қатысуға өтінім берген әйелдердің 75% бала бар. 25% - балалы болуды армандайды.
Конкурсқа қатысушылар еңбек ететін салалар:
- 20% әр түрлі бизнес иелері;
- 12% сұлулық салондары барлар;
- 16% оқытумен айналысады;
- 6% сату саласында;
- 2% мемлекеттік қызмет, маркетинг, тау-кен саласы, хорека, медицина, журналистика, психология, құрылыс саласы;
- 3% фриланс;
- 12% менеджмент / қаржы;
- 4% бала тууға байланысты демалыста;
- 11% - шығармашылықпен айналысады.
Mrs. Globe Kazakhstan жобасының дайындық кезеңі 4 айға созылды, финалистер оннан астам шеберлік сыныптары мен тренингтерден өтті. Шешендік өнерді үйренді, камераға сөйлеп, сахнаға шығуға дағдыланды. Жұлдызды спикерлермен бірге жеке бренд құрып, әлеуметтік желілерде өздерін сәтті көрсетуге бейімделді. Дефиле, йога және этикет сабақтарынан өтті. Қаржы сарапшыларымен бірге қол жеткізуге болатын мақсат қоюды үйренді.
Үздік стилистер, визажистер және мейкап-мамандар тобы байқауға қатысушыларды фотосессиялар мен түсірілімдерге дайындады.