Қала күніне орай Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Қазақстан жазушылар одағымен бірлесіп, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Көркем қала – Алматы» атты ақындар мүшәйрасын өткізеді.

Мүшайра жас ақындар шығармашылығын қолдау және әдебиетті дамыту мақсатында өткізіледі.

Мүшәйраға қатысу шарттары:

  • Мүшәйраға 16-40 жас аралығындағы ақындар қатысады;
  • Алматы қаласын әсерлі поэтикалық түрде бейнелеп, оның өткені, бүгінгі тыныс-тіршілігін және келешегін көрсету қажет;
  • Өлеңнің көркемдігіне, тақырыпты ашуына, ой ұшқырлығына басты назар аударылады.
  • Алматы қаласы туралы бұрын жарияланбаған бір өленді Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберу;
  • Өлеңнің көлемі 3 беттен аспай, А-4 форматында Microsoft Word мәтіндік редакторымен «Times New Roman» 14 шрифт, жоларалығы - 1.5 болып терілуі тиіс;
  • Қатысушылар шығармаларымен қоса жеке куәлігінің көшірмесі, қысқаша өмірбаяны, 3х4 түрлі – түсті суретті, тұрғылықты мекен-жайы, телефон нөмірі жайлы мәліметтерді жіберу керек;
  • Үміткерлердің шығармалары 2022 жылдың 18 қыркүйгіне дейін қабылданады;
  • Іс-шара қорытындысы 2022 жылдың 20 қыркүйегінде өтеді;
  • Қазылар алқасының сараптауынан өткен шығармалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Мүшәйраның жүлде қоры:

Бас жүлде – 500 000 теңге;

I - орын – 400 000 теңге;

II - орын – 300 000 теңге;

III - орын – 200 000 теңге;

1 қатысушыға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы жүлде – 150 000 теңге;

6 қатысушыға ынталандыру жүлдесі – 300 000 теңге (әр қатысушыға 50 000 теңгеден).

Мүшәйра жүлдегерлерін белгілі тұлғалардан құралған қазылар алқасы анықтайды.

Жыр сайысының ережесі туралы толық ақпарат әлеуметтік жілелер мен интернет-сайттарда жарияланады.

Толық ақпаратты келесі нөмірлер бойынша алуға болады:

+7 (727) 279-33-15; +7 705 987-68-50

 

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы әкімдігі,
 Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен
«Алматы қаласы Орталықтандырылған
 кітапхана жүйесі» КММ,
Қазақстан жазушылар одағы,
«Тұлға – достық» қоғамдық қоры