Алматының Абай атындағы ҚазҰОБТ алаңында Shai isheik Food Fest (by «Вкусная Алма-Ата») гастрономиялық тағамдар фестивалі өтіп жатыр. Shai isheik – Алматының туған күніне арналған мерекелік шараларды аяқтайды. Аумақта ересектерге арналған шеберлік сабақтары, ең кішкентай қонақтарға арналған аниматорлары бар ойын алаңдары, фуд-корт, жарыс алаңдары, ашық аспан астындағы кинотеатр, мерекелік дастарханға, ойын-сауыққа арналған алаңдар, шағын концерт алаңдары, фотоаймақтар және т.б. бар.
«Фестивальдің символы кесесі бар логотиптен және Shai isheik атауынан ғана тұрмайды. «Шай» палитрасы онсыз қазақтың бірде-бір тойы өтпейтін бірінші дәстүрлі тағам бауырсақ болады. Бауырсақ – Shai isheik фестивалінің имиджд өніміне айналады және әр қонаққа сүт қатқан ыстық шаймен бірге таратылады. Тағам фестивалі аясында біз әртүрлі номинация бойынша қатысушы мекемелер арасында беделді байқау өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл да бәсекеге қабілетті бизнес-ортаны дамытуға, сол арқылы өнім мен қызмет көрсету сапасы деңгейін арттыруға ықпал етеді», – дейді ұйымдастырушылар.
Оған қоса, ұйымдастырушылар фестиваль форматы оны қала картасындағы белгілі бір орынға байланбай жыл бойы өткізуге мүмкіндік беретінін, бұл оны шынымен «икемді» және бірегей ететінін айтты. «Көшпенді»-естивальдің мұндай концепциясы оның