1-желтоқсанда Алматыдағы Almaty Theatre сахнасында, ал, 2-желтоқсанда «Астана Балет» сахнасында бестселлерлердің, «Тұрлаусыз оқулар» («БеспринцЫпные чтения») әдеби-театрлық жобаның авторы Александр Цыпкин, осы жобаның тұрақты резиденті ресейлік театр және киноның жетекші актері Павел Деревянкомен бірге өнер көрсетеді.

«Тұрлаусыз оқулар» — соңғы кездегі жарқын әрі ерекше әдеби-театрлық жоба. Оның аясында ресейлік прозаны авторлардың өзі және ресейлік актерлер оқиды. Бұл жобаны жеті жыл бұрын жазушы Александр Цыпкин мен продюсер Анастасия Приц ойлап тауып, Maxim журналының бас редакторы Александр Маленков пен «Орыс Букерінің» лауреаты Александр Снегиревті шақыртқан. Осы уақыт аралығында бес жүзден аса оқылым өтті. Бұл жоба заманауи ресей әдебиетін Ресей мен шет елдерде насихаттауға бағытталған. Жобаның негізін қалаған жазушылардың шығармаларымен қатар, Наринэ Абгарян, Марина Степнова, Андрей Аствацатуров, Маша Трауб, Саша Филипенко және өзге де авторлардың шығармалары сахнада оқылды.

Бірнеше жылдың ішінде «Тұрлаусыз оқулар» («БеспринцЫпные чтения») жобасы Калининград пен Владивостокқа дейін бүкіл Ресейді аралап шықты. Сонымен қатар, Франция, Ұлыбритания, Германия, Швейцария, АҚШ, Канада және өзге де елдерде көрсетілді. Жаңа қалаға келген сайын, Александр Цыпкин, өзі үздік деп тапқан әңгімелерді оқиды.

«Жаңа бағдарлама ерекше болмақ. Алғашқы жинаққа енген туындылармен қатар, қалыптасқан дәстүрге сәйкес, сиясы кеппеген әңгімелерді де оқимын», - деді Александр Цыпкин.

Бұл жобаға жетекші ресейлік актерлар: Константин Хабенский, Павел Деревянко Сергей Гармаш, Анна Михалкова, Виктория Исакова, Евгений Стычкин, Ольга Сутулова, Катерина Шпица, Дмитрий Чебатарёв, Тимофей Трибунцев, Максим Матвеев және өзгелері қатысады. «Оқулар» Мәскеу халықаралық Музыка үйінің, Станиславский электротеатрының, «На Страстном» театр орталығының, Мюзикл театрының сахнасында және өзге де әйгілі мәдени алаңқайларда өтеді.


Анықтама ретінде: Александр Цыпкин – жалпы тиражы 350 000 дана болып шыққан бестселлерлердің авторы. 2020 жылы «Жасамыс емес әйелдер» («Женщины непреклонного возраста») жинағы My Book сервисінің сұрау салу қорытындысына қарағанда, 800 000 пайдаланушының пайымдауынша ең танымал кітап саналды. Сонымен қатар, 2020 жылы автордың аудиокітабы «Sammynolie and other stories» деген атаумен ағылшын тілінде жарық көрді (Александр Цыпкин әңгімелерінің бас кейіпкері Славиктің есімі, америкалық нұсқада Sammynolie деп алынған). Бұл альбомға түрлі жинақтардағы әңгімелер енді. Сахнада бұл шығармаларды Golden Globe, Emmy, Tony, Grammy және өзге де сыйлықтардың лауреаттары мен номинаттары оқыды: Джейсон Александер, Дэнни Берштейн, Тим Дэйли, Рейчел Дрэтч, Ванесса Уильямс және өзгелер. Ағылшын тіліне режиссер Пол Лазарус аударған. Ол «Достар», «Беверли-Хиллз, 90210», «Тентек Бетти», «Мелроуз-плейс» сынды фильмдер түсірген.

Александр – «Тұрлаусыз оқулар» («БеспринцЫпные чтения») әдеби-театрлық жобасының бастамашысы әрі хедлайнері. Өз туындыларын сахнада жетекші ресейлік актерлармен қатар оқиды: Константин Хабенский, Ингеборга Дапкунайте, Анна Михалкова, Виктория Исакова, Максим Виторган, Евгений Стычкин және өзге де дарынды актерлар. Соңғы кездері америкалық актерлар да ат салысып жүр. Ол «Тұрлаусыздар» («Беспринципные») сериалының авторы. Бұл туынды ерекше сұранысқа ие болған. Автордың пьесалары ресейлік әйгілі театрларда сахналанған.