Аяқталып келе жатқан 2022 жылдың соңғы аптасында Алматыда шахматтың рапид және блиц түрлерінен әлем чемпионатына әлемнің үздік ойыншылары жиналды. Осыған орай Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, оның барысында Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворкович сөз сөйледі.
Спикер Қазақстанда ірі жарыстар бірінші рет өткізіліп отырмағанын айтты, өйткені дәл осы жерде әлемнің үздік ойыншылары өздерінің ең жақсы қасиеттерін көрсетуі үшін қонақжайлылық пен қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.
«Қазақстанда әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің кезеңі өтті, сонымен қатар Ақтөбеде менің әкемді еске алуға арналған «Владимир Дворкович мемориалы» халықаралық шахмат фестивалі өтті. Және, әрине, біз алдағы турнирлерді, соның ішінде балалар турнирлерін талқылап жатырмыз. Ел Президентіне, Үкіметке және «Фридом Финанс» серіктестеріне көрсетіліп жатқан қолдауы үшін алғыс айтқым келеді», - деді А.Дворкович.
Баспасөз конференциясында Аркадий Дворкович өтіп бара жатқан жылды қорытындылады, ол 2022 жылдың қиын, бірақ өте сәтті болғанын атап өтті.
«Үнді достарымыздың арқасында біз Олимпиаданы ұйымдастыруға қол жеткіздік, қыркүйектен қарашаға дейін бар болғаны үш айдың ішінде өткен жылдардан кейінге қалдырылған оннан астам әлем чемпионаттарын өткіздік. 2022 жылы шахматтың классикалық тақтада да, онлайн режимде де танымалдылығын арттыруға қол жеткіздік. Жүлде қорының өсіп келе жатқанын көріп отырмыз, біз әйелдер шахматы жылын өткіздік және көп турнирлер, оқу-жаттығу процестері көп болды, ұйымдастырушы, менеджер және төреші ретінде әйелдердің көп болуына қол жеткізе алдық. Бұл әйелдер шахматының алдағы он жылына жақсы бастамасы деп сенеміз», - деді спикер.
Сонымен қатар, Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович басты жетістік – көптеген елдерде жүзеге асырылып жатқан «Мектептегі шахмат» жобасы деп есептейді. Қазақстан – шахматты білім беру бағдарламасына енгізген елдің бір мысалы.