Ақпанның 16-28 аралығында «Forum» ойын-сауық сауда орталығында (Алматы қ.) «Ынталы ата-аналар» атты швед-қазақстандық фотокөрме ашылады.

Швеция мен Қазақстандағы саналы және тең құқылы ата-аналардың дәрежесі қай деңгейде? Аталмыш мәселенің жауабын көрме қатысушылары Элин Берге (Швеция) мен Роман Анашкиннің (Қазақстан) суреттерінен таба алады.

Көрменің салтанатты ашылу рәсімі 16 ақпан күні сағат 17:00-де «Forum» сауда орталығында басталады.

Қазақстандағы Швеция Елшілігі мен БҰҰ-ның Халықты қоныстандыру саласындағы қоры (UNFPA) ұйымдастырған экспозицияға сүйеніп жинақталған Швеция институтының «Ата-ана тәрбиесі – тең мүмкіндік» фотокөрмесі Роман Анашкиннің Қазақстанда түсірілген фотосуреттерімен толықтырылған. Фотокөрме 40 суреттен тұрады.  Онда шведтік және қазақстандық отбасылардың балалы болған кездегі ең бақытты да  қызықты және  қиын сәттері шынайы бейнеленген.

Көрменің мақсаты – саналы ата-ана болудың маңыздылығы мен отбасылық жауапкершілікті тең бөлісу керектігі туралы баяндау. Швеция 1974 жылы әке-шешелерге бала күтіміне байланысты демалысты заңдастырған тұңғыш ел болғандықтан – тең ата-ана құқығының жаһандық тренді болып табылады. Әкелерге бала күтіміне байланысты декреттік демалыс беру Қазақстан заңнамасында да бекітілгендіктен,  ер-азаматтар да әйелдер сияқты мемлекеттен жыл бойы қаржылай көмек ала алады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мәліметінше, 2021 жылы Қазақстанда 3,5 мың ер адам бала күтіміне байланысты ресми түрде демалысқа шыққан.

Элин Берге мен Роман Анашкиннің фотосуреттерінен біз ата-аналардың ерлер мен әйелдердің рөлдері туралы санамызға сіңіп кеткен түсініктер шеңберінен шыға отырып, диалог, теңдік пен сыйластыққа құрылған серіктестікке көшуге деген ұмтылысты көреміз.

Қазақстандық фотограф-документалист Роман Анашкиннің айтуынша, саналы ата-аналармен жұмыс істеу бір ғанибет: «Мен әртүрлі әке-шешелерді көрсеткім келді. Олардың мамандықтары да әртүрлі, әл-ауқаттары да бөлек, өмір салттары да басқа.  Бірақ олардың барлығына бала бақыты ортақ. Саналы ата-ана болу тек шешеге ғана емес, әкеге де байланысты. Менің фотосуреттерім балаларының тәрбиесіне тең  жауапты әкелер мен аналар тарихынан құралған.

БҰҰ Халықты қоныстандыру саласындағы қоры (UNFPA) 2021 жылы Қазақстандағы ер адамдардың отбасылық өмір мен бала тәрбиесіне араласуына қатысты зерттеулер жүргізген. Ол мәліметтер бойынша, қазақстандық ерлердің 68 пайызы бала күтімін тек аналық парыз деп санайды, әрбір 4 отбасындағы 1 ер адам ғана бала күтімімен бірдей айналысады. Сондай-ақ әрбір төртінші әке-респондент әйелдер мен ерлердің құқықтары тең болуы керек деген пікірмен келіспейді. Осы орайда сауалнамаға қатысқан әйелдердің 83%-ы Қазақстанда гендерлік теңдікті одан әрі ілгерілетуді маңызды деп есептейді.

«Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл жерде әлі де атқарылатын жұмыстар бар және біздің ер адамдарды отбасылық қарқорлыққа тарту жөніндегі бастамаларымыз үкіметтен, ұлттық және халықаралық серіктестерден, азаматтық қоғам мен қалың жұртшылықтан үлкен қолдау тауып жатқаны қуантады», - дейді Қазақстандағы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының (UNFPA) өкілі және Түрікменстан мен Қырғызстандағы елдеріндегі директоры Ронни Линдстром.

Көрменің ашылуына: Швецияның Қазақстандағы Елшісі Ева Ульрика Пулано, БҰҰ Халықты қоныстандыру саласындағы қорының (UNFPA) өкілі Ронни Линдстром, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Строй, БҰҰ Әйелдер ұйымының өкілі Мария Доценко, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, «Әкелер одағы» ҚБ мүшесі «Art of her» медиа-порталының тең құрылтайшысы Әлихан Мұсатаев қатысады.


 

Анықтама:

Элин Берге (1978 жылы туған) – фотосуретші әрі режиссер, ол көп жылдар бойы өз фотообъективі арқылы билік нормалары мен құрылымдарының адамдардың өміріне қалай әсер ететінін зерттеумен келеді.  Негізінен Элин көрмелер, кітаптар мен фильмдер үшін ұзақ мерзімді деректі жобалар жасайды. Оның алдыңғы жұмыстары Slöjor (перделер, 2006), Дроттнингландет (патшайымдар елі, 2009), Кунгарикет (патшалық, 2015) және ояну (ояну, 2020) Швецияда да, халықаралық деңгейде де көрермендердің үлкен назарын аударған. Берге «Moment» скандинавиялық Фото ұжымының мүшесі болып табылады және «INSTITUTE artist» халықаралық деңгейінде ұсынылған.

Роман Анашкин – 1993 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген қазақстандық фотограф-документалист. 2017 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің (Астана қ.), монументалды кескіндеме бөлімін тәмамдаған. 2013 жылдан бастап сән, деректі және репортаждық түсірілім стилінде фотосурет жасаумен айналысады. Роман Анашкин өз шығармаларында суретшінің дәстүрлі көзқарасы арқылы фотосуреттің жаңа кеңістігі мен қырларын ашады.

Топтық көрмеге қатысушылар. Қазақстан мен ТМД-ның танымал әртістері мен спортшыларымен жұмыс жасаған: Dequine, Son Pascal, Yenlik, Mulana, Зарина Диас, Азия және т.б. Роман Анашкиннің суреттері Blvd, id Magazine, teens of People журналдарында жарияланды және т. б. Қазақстанның танымал кинорежиссерлері Әділхан Ержанов және Әбдел Фифтибаевпен жұмыс істеді.