5-7 мамыр күндері отандық өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM» атты ірі көрмесі өтетінін қуана хабарлаймыз!

Биыл жетінші рет ұйымдастырлыып отырған шара Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында өтеді! Оған «Даму» Қорының бағдарламалары аясында мемлекеттік қолдау алған өндіруші-компаниялар жиналады.

«ULTTYQ ÓNIM» көрмесінің қонақтары Қазақстанның бар өңірінен келетін үздік әрі бірегей компаниялардың сапалы өнімдерін сатып ала алады. Көрмеде халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік, киім-кешек, аяқ киім, тұрмыстық химия, жиһаз, сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс, орап-қаптау материалдары, машина жасау, жабдықтар да қойылады.

Сонымен қатар, қазақстандық дизайнерлердің киімдерін сән көрсетілімі кезінде тамашалап, тағамдардың дәмін тату арқылы үздігін анықтау байқауына қатысып, тегін лотерея алып, отандық өнімдер ұтып алып, шеберлік сабақтары мен семинарларға емін-еркін қатысып, концерт тамашалап қайтуға мүмкіндік мол!

5-7 мамыр күндері Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында (11 павильон) күтеміз.

Кіру – тегін.