24 маусым күні қазақстандық КИнЭС ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалығының ресми өкілдері Fairy Bauyrsaq Day отбасылық мейрамында бір мезетте бауырсақ пісіру бойынша Қазақстанның жаңа рекордын тіркеді.
Рекорд орнатуға Fairy бренді (Procter&Gamble компаниясы) мен Magnum сауда желісі көмектесті. Рекорд Magnum гипермаркетінің аумағында өткен Fairy Bauyrsaq Day отбасылық мейрамында тіркелді.
Күні бойы 40 аспаз бес қазанда 2047 келі бауырсақ пісірді. Бал татыған бауырсақ КИнЭС өкілдері өлшегеннен кейін мереке қонақтарына таратылды.
Аспаздар тойынан кейінгі мінсіз тазалықты үйілген кір ыдыс пен ең лас ыдыстың өзін оп-оңай жуып кетіретін Fairy бренді қамтамасыз етті. Ыдыс жуғыштың тиімділігін мерекеге жиналған қауым өз көзімен көрді. Fairy ыдыс жуғышы бауырсақ пісірілген қазандарды титтей май қалдырмастан жарқыратып жууға көмектесті.
«Бүгін біз қазақтың ұлттық асханасына деген махаббатымызды көрсетіп қана қоймай, Қазақстанды өзгелерден ерекшелейтін дәстүрлерге деген құрметті де паш еттік. Мерекенің негізгі өзегі бауырсақ – әр отбасы үшін қадірлі саналатын қонақжайлық пен дәстүрдің көрінісі. Бауырсақ пісіру бойынша бүгін тіркелген Қазақстанның рекорды P&G компаниясының еліміздің мәдени мұрасын сақтауға мейлінше көңіл бөлетінін көрсетудің маңызды бір тәсілі болды. Сонымен бірге бұл күн отбасылық мереке-мейрамдардан кейін ыдыс жууды жеңілдететін Fairy өнімінің біздің өмірімізге қалай ықпал ететінін де көрсетті. Fairy – жай ғана атау емес, ол тазалық пен үйіміздегі берекенің белгісі, ал мұны біз ұрпақтан-ұрпаққа жалғаймыз», – деді Қазақстандағы P&G басшысы Руслан Гамзаев.
«Қазақстанның рекордтар кітабында қазақстандықтардың бірегей жетістіктері көрініс тапқан, бүгін біздің кітабымыз тағы бір тамаша рекордпен толықты – Fairy брендімен бірге 2047 келі бауырсақ пісірдік. Бұл – бұрынғы рекордтан 47 келіге көп. Осындай бастамаларға халықаралық компаниялардың қолдау білдіруі өте маңызды, бұл олардың біздің елімізге бей-жай қарамайтынын, дәстүріміз бен мәдениетімізге деген құрметін көреміз», – дейді КИнЭС Қазақстанның рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков.
«Біз сүйікті клиенттерімізге күн сайын 3,5 тонна дәмді бауырсақ пісіреміз, ал мереке күндері 7 тоннаға дейін жетеді. Қамырды дәстүрлі рецептпен, тек қана жергілікті табиғи өнімдер көмегімен илейміз және бауырсақты сапалы сұйық майға қуырамыз. Қарапайым бола тұра сондай дәмді ұлттық асымызды бәрі жақсы көреді! Бүгін біз Fairy брендімен бірге Алматыда мереке ұйымдастырып, қонақтардың баршасына тегін бауырсақ үлестіруді жөн көрдік. Ол үшін 2047 келі балдай бауырсақ пісірдік. Бүгінгі мерекеге келіп, қуанышты бөліскен баршаға алғыс айтамыз! Сонымен бірге, тұтас команданың, соның ішінде Магнумның асханасындағы мінсіз тазалыққа жауап беретін қызметкерлердің атынан P&G компаниясына алғыс айтамыз. Бауырсақ пісіру жөнінен әлемдік рекорд орнатқаннан кейін де қазандарымыз Fairy өнімінің арқасында жарқырап тұр. Бұл ертең таңертең-ақ біздің гипермаркеттерімізден дәмді, балғын бауырсақ сатып алуға болады деген сөз», – дейді Magnum компаниясының сыртқы коммуникация жөніндегі директоры Нияз Шапақов.
Procter & Gamble компаниясы туралы
Бүкіл әлемде P&G компаниясы Always®, Ariel®, Gillette®, Head & Shoulders®, Lenor®, Herbal Essences®, Oral-B®, Pampers®, Pantene®, Tide®, Vicks® сияқты сапалы әрі тұтынушылардың сенімін жаулаған сауда маркаларының мықты портфелі арқасында көпшілікке қызмет етіп келеді. P&G өнімдері әлемнің 70 елінде тараған.
Қазақстандағы P&G туралы ақпараттар мен жаңалықтарды Инстаграмдағы @proctergamble_kz парақшасынан оқи аласыздар