2023 жылғы 12 шілдеде Алматыда тұңғыш рет Оңтүстік Корея астанасы мэриясының қолдауымен олардың туризм ұйымының ұйымдастыруымен (Seoul Tourism Organization, STO) Сеул қаласының туристік және медициналық мүмкіндіктерінін таныстырылымы өтті.
Іс-шара ақпараттық сессия және көрме форматында өтті, оған Корея мен Қазақстаннан 100-ге жуық туристік индустрия өкілдері қатысты.
Қазақстаннан келген туристер арасында Сеулдің танымалдығы жыл сайын артып келеді. Корея астанасының тарих пен инновацияны үйлестірген бірегей ерекшелігінен бөлек, бұл қала сонымен бірге сауда және гастрономия орталығы ретінде де танымал. Сондай-ақ, қазақстандықтар Сеулге жасайтын сапарын демалыспен және ем алумен ұштастырғанды жөн көреді, өйткені Корея Республикасының астанасы өзінің жоғары сапалы медициналық сервисімен әйгілі. Сөйтіп, STO мәліметтері бойынша, медициналық қызмет алу мақсатында Орталық Азиядан Сеулге келетін келген туристердің 63% - ы қазақстандықтар.
Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Біріншісінде – «B2B Travel Mart» көрмесі өтті, онда Сеулдің жаңа туристік өнімдері мен медициналық ресурстары ұсынылды. Екінші бөлім Оңтүстік Корея астанасының тартымды туристік инфрақұрылымының таныстырылымына арналып, қазақстандықтарға Сеулдің бірегей, ерекше тұстары көрсетілді.
Қазақстандық туризм өкілдері медициналық бағдарламаларға, сондай-ақ сауықтыру мен жасарту рәсімдеріне айрықша назар аударды.
Сеулден 12 компания қатысты, олар мынадай салаларды таныстырды:
- туроператорлар (Golden Tour Korea DMC, One Korea Tour, Premium Pass International),
- қонақүйлер (Crescendo Hotel),
- ойын-сауық және сауда (Lotte Duty-Free, Shinsegae Duty-Free),
- медициналық мекемелер (Korea University Anam Hospital, View Plastic Surgery, Soon Chun Hyuang University Hospital Seoul),
- медициналық орталықтар (Good Medi Korea, Medical Avenue, EMS).
Іс-шараға қазақстандық жетекші туристік компаниялардың 100-ге жуық өкілі қатысты, олардың ішінде Golden Tour, Ruvenis және басқалары бар. Сеул туризм өкілдерімен іскерлік кездесулер өткізіліп, келіссөздер жүргізілді, маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Осылайша, Сеул қаласының Туризм ұйымы JCI[1] аккредитациясын қатарынан бес рет алған Кореядағы алғашқы аурухана KOREA UNIVERSITY Anam Hospital мен KazIOR (Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты) жетекші онкологиялық клиникасы арасында іскерлік ынтымақтастық туралы келісім жасады. Бұл келісім медицина саласындағы тұрақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Іс-шараға төрт халықаралық дәрежеде танылған Сеул ауруханасы және бес дәрігер қатысып, Қазақстандағы пациенттерге түрлі медициналық бағыттар бойынша консультациялар өткізгенін айта кету керек:
Іс-шара күні – 12 шілдеде – Kyung Hee University Korean Medicine Hospital, Seoul National University Dental Hospital және Soon Chun Hyang University Hospital Seoul ауруханаларынан шығыс медицинасы, стоматология және жеңіл аурулармен ауыратын науқастарды медициналық тексеру бағыттары бойынша консультациялар өткізілді.
Сондай-ақ 13 шілдеде Корея Мемлекеттік университеті госпиталінің дәрігерлері COVID-19 салдарлары мен асқазан-ішек жолдарының онкологиялық ауруларын қоса алғанда, ауыр аурулармен ауыратын науқастарға кеңес берді.
Киль Ки Ён, Сеул қ. Туризс ұйымының бас директоры:
«Корея Республикасы мен Қазақстан туризм саласында маңызды ынтымақтастыққа ие. Бұл іс-шарада біз қазақстандықтардың Сеулге, әсіресе медициналық қызметке деген үлкен қызығушылығын көрдік. Сонымен қатар, біз шетелдік туристер үшін әртүрлі қызықты фестивальдар дайындаймыз, мысалы, «Seoul Lantern Festival», онда сіз Корей мәдениетіне – K-Pop, K-Beauty және K-Food жақынырақ келіп, таныса аласыз. Біз Сеулге келетін Қазақстан азаматтары зор қызығушылық танытып, белсенді қатысады деп үміттенеміз. Бұл іс-шара Қазақстаннан келген туристер мен пациенттердің біздің қалаға келіп, көріп, оны жақсы көруі үшін Сеулдің бұдан да зор мүмкіндіктері туралы білуіне септігін тигізеді деп үміттенеміз.
Біз, өз тарапымыздан, біздің Ұйым Сеулге медициналық мақсатпен келетін шетелдік туристерді қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткіміз келеді. Мысалы, биыл біздің ұйым медициналық туризм бағыты бойынша 99 ресми аудармашы-үйлестірушілердің біліктілігін арттыру шарасын өткізеді, сондай-ақ Сеулде туризм үшін сенімді жағдайлар жасау үшін басқа да іс-шаралар жоспарлануда.
Сонымен қатар, Сеул қаласының Туризм ұйымы біздің іс-шарамызға қатысатын Корей университетінің Анам ауруханасына және Қазақстандағы тамаша онкологиялық аурухана – Қазақ онкология және радиология институтына (ҚАЗОРИ) болашақта Сеул мен Қазақстан арасында медициналық туризмнің белсенді алмасуына үміт арта отырып, демеушілік жасады.
Ынтымақтастық медициналық және туристік желілер алмасу сияқты мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізіндегі медициналық туризмді қолдауды қамтиды».
Анықтама: Американдық Newsweek басылымының хабарлауынша, 18 корей ауруханасы «Әлемдегі ең үздік ауруханалар 2023» тізіміне енгізілген, ал Оңтүстік Корея тізімде АҚШ пен Германиядан кейінгі ауруханалар саны бойынша 3-ші орында. Осы 18 аурухананың 13-і Сеулде орналасқан, бұл Сеулдің медициналық туризм үшін тартымды қала ретіндегі халықаралық мәртебесін растайды.