2025 жылғы 23 қазаннан бастап Freedom Media платформасында жаңа «Ұлжан» сериалы жарық көреді. Бұл — өз болмысын сақтауға батылдық танытып, арманы арқылы тағдырын өзгертуді мақсат еткен жас қыз туралы музыкалық драма.

Жоба өзін-өзі тану, шешім қабылдау және ішкі еркіндік сияқты маңызды тақырыптарды қозғайды. Қоғам күтетін жол мен жеке жүректің қалауы арасындағы таңдауға тап болған жандарға бұл әңгіме жақын сезіледі.

«Ұлжан» сериалының алғашқы үш бөлімі бұған дейін QYZQARAS FILM FESTIVAL аясында көрсетілді. Жоба әйелдер киносы секциясында көрсетілді — бұл бөлімге әйелдер жасап, әйелдер баяндаған фильмдер ғана тізімге енгізілген.

Сюжет

Бас кейіпкер — музыкалық салада өзін көрсеткісі келетін ауылдан шыққан жас қыз. Оның жолы — ішкі күмәнді жеңу, сыртқы қысымға төтеп беру және өз болмысына адал болу.

Жобаның авторлары

Жоба режиссер әрі сценарист Яна Скопинаның жетекшілігімен жүзеге асты. Ол Алматының 1980-жылдардың соңындағы атмосферасын шебер бейнелеген «Скоро кончится лето» фильмінің авторы ретінде танымал.

Сериалдың идеясы Яна Скопинаның қазақстандық әнші Yenlik-пен танысуынан кейін туындаған. Әншінің өмірлік жолы мен шығармашылық тағдыры сценарийдің басты шабыт көзіне айналды.

«Бүгінде Қазақстанда музыка әлемі ерекше қарқынмен дамып келеді. Жас орындаушылар өз ойын ашық айтып, ән арқылы жеткізіп, өзіндік дара стилін іздеуде. Мен осы қозғалыстың аясында тұлғалық еркіндіктің қалай қалыптасатынын көрсеткім келді», — дейді Яна Скопина. — «Біз көбіне ата-ананың балаға деген махаббаты жайлы айтамыз, бірақ олардың таңдауына құрметпен қарау қаншалықты маңызды екенін байқамаймыз. Бұл сериал — махаббат пен еркіндіктің, сондай-ақ түсіністікті сақтап қалу үміті мен қорқынышының арасындағы нәзік байланысты көрсетеді.

Жобаның продюсері — Еркежан Мақсұт. 

Ол үшін «Ұлжан» — жай ғана сериал емес:

«Бұл – өзін-өзі іздеу, өмір жолын таңдау, арман мен ішкі күш туралы хикая. Тіпті бүкіл әлем саған қарсы тұрғандай көрінген сәттерде де алға ұмтылуға көмектесетін рух туралы. Біз команда болып жобаға жанымызды салып жұмыс істедік. Әрбір бөліміне ерекше көңіл бөлдік: музыкадан бастап, оқиғалар өрбитін қаланың ерекше атмосферасына дейін. Біз шынайы адамдардың өмірінен және олардың тағдырларынан шабыт алдық», – дейді Еркежан Максут.

География мен түсірілім орны

Түсірілім жұмыстары Астана қаласы мен оның маңайында өтті. Елорданың ерекше сәулеті, кең ашық кеңістіктері мен дала көріністері сериалға ерекше кинематографиялық көрініс пен терең сезім береді. Қала тұрғындары актёрлер мен техникалық құралдардың келуін күтпегенімен, түсірілімге ерекше қызығушылықпен қарап, қолдау танытты.

Актёрлер мен музыка

Басты рольді Зенгір Рахатқызы (@zengirr) сомдады — актриса әрі музыкант, оның харизмасы мен ішкі жігері кейіпкерді шынайы әрі сенімді етті.

«Ұлжан кейде менің өзіме ұқсайды. Оның жан дүниесі, сезімдері және өз мүмкіндіктерін дәлелдегісі келуі — бәрі маған жақын», – дейді актриса.

Сериалда сондай-ақ Yenlik (@yenleak), Ержан Нурымбет, Айгерім Кленова (@aerrris) және Нұрғиса Тұрсынбай (@tursynbbai) да өнер көрсетті.

Сериалдағы музыкаға Ozen лейблы жауапты болды. Сериалға арнайы бірнеше трек жазылып, әрбірі болашақта хит болатыны сөзсіз. Оларды мына сілтеме арқылы өтіп, тыңдауға болады: https://band.link/Uljan

Музыка оқиғаның маңызды бөлігі болып табылады. Саундтрек кейіпкерлердің көңіл-күйін көтеріп, олардың эмоцияларын жеткізеді.Әр бөлім — өзіндік музыкалық өрнегі мен ішкі тереңдігі бар жеке бір әлем.

Неліктен көру керек:

«Ұлжан» — бұл шынайы әрі шабыттандыратын сериал, ол талант, таңдау және өз таңдауыңа адал болу туралы.

Оқиға драма мен музыкалық әлемнің қуатын үйлестіре отырып, әр көрерменге ерекше сезім сыйлайды.

Тұсаукесер: 23 қазан 2025 жыл

Онлайн-платформа: Freedom Media