Freedom Media ұсынатын «MŪNAI» сериалы көрерменді мұнайлы өлкедегі оқиғалар арқылы 90 жылдардың атмосферасына жетелейді. Мұнда қылмыс әлемінің беделді тұлғалары шығарған шешімдер – тұтас қаланың тағдырын төңкеріп жіберетіндей күшке ие.

Мұнай – дәуір символы

90-жылдары мұнай тек ресурс емес, билік, ықпал және бақылауда ұстадың өзіндік валютасына айналды. Мұнай үшін күрес қылмыстық топтар арасындағы бітпейтін қақтығыстарға себеп болды. Тәуекел тым биік еді: мұнайды кім бақылайса – қаланы да, адамдарды да, болашақты да сол уысында ұстайды.

Осы оқиғалар сериалдың өзегіне айналды.

«Спортиктер» қылмыстық тобының басшысы Аман мұнай саудасымен айналысуға бел буады, сериалдағы оқиғалар тізбегі осы тұста басталады. Бұл бизнесті ол табыс көзі ретінде ғана емес, еркіндікке және жаңа тағдырға жол деп көреді. Алайда, мұнай қаруға айналған әлемде қылмыстантүбегейлі кету әрекеті – өлімге алып келуі мүмкін. Қалада дәл осы уақытта басқа да қылмыстық топтардың текетіресі өрши түседі: бірі мұнайды бақылауға алғысы келсе, екіншісі ықпалын қалай даболсын, сақтап қалуға тырысады.

Сериалдың фонында 90-жылдардың шынайы ахуалы көрініс табады: жұмыссыздық, азық-түлік тапшылығы, қылмыс пен рэкеттің өршуі, жаңа дәуір мен ескі өмірдің арасындағы алшақтық. Өзгерістер ортасында қалған адамдар бүгінде ойға сыймайтын шешімдер қабылдауға мәжбүр болады. «MŪNAI» – қиын жағдайда ең мықтылардың да сынып кететіні және қараңғы мезгілдің өзінде жарығы бар адамдардың болатыны туралы туынды. 

Көптен күткен сериал

Жобаның идея авторы әрі бас продюсері – «5:32», «1286» және «Сержан Братан» жобаларын жасаған Әлішер Утев. Режиссер – «Ағайындылар» және «Sheker: соңғы мүмкіндік» фильмдерін түсірген Дархан Төлегенов. Басты рөлдерді Данияр Алшинов, Нышанбек Жұбанаев, Айбар Салы, Ақнұр Рахат және басқа да актерлер сомдап шықты.

Сериал Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында түсірілді. Авторлардың айтуынша, оларды осы аймақтың бірегей табиғаты тәнті еткен. Айта кету керек, барлық кейіпкерлер мен оқиғалар ойдан құрастырылған. Бас продюсер Әлішер Утев: «Сериал дағдарысқа тұншыққан дәуірдегі тағдырларды, таңдауларды, жан жарасын және үзілмейтін үмітті көрсетеді. 90-жылдары әр қадам күрес болатын: ақша үшін, билік үшін, таңдау еркіндігі үшін. ‘MŪNAI’ – қылмыс туралы емес, қиын кезеңде аман қалып, өзін жоғалтпауға тырысқан адамдар туралы. Көрермен сол дәуірдің тынысын сезінсе дейміз.»

Сериал тұсаукесері өтетін күн: 2025 жылғы 27 қараша, Freedom Media-да.