Minimarathon.Kz атынан бесінші жаңа жылдық отбасылық костюмді жүгіру жарысына тіркелудің аяқталуына небәрі 9 күн қалды — бұл өтіп бара жатқан жылдың ең атмосфералық әрі жарқын спорттық оқиғаларының бірі.
2025 жылғы жарыс бағдарламасы бұрынғыдан да қызықты бола түседі. Қонақтарды серіктестер ұсынатын балалар мен ересектерге арналған интерактивтер, мерекелік тосынсыйлар мен сыйлықтар, Аяз атаға хат жазу мүмкіндігі, сондай-ақ жылы естелікке айналатын жарқын фотосуреттер жасауға жағдайлар күтеді. Бұдан бөлек, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтын тақырыптық белсенділіктер де болады.
Әрбір мәрешіге естелік медаль табысталады, ал ең креативті қатысушыларға серіктестер дайындаған «Үздік костюм» номинациясы бойынша арнайы сыйлықтар ұсынылады.
Іс-шара Алатау ауданы әкімдігі мен Қазақстанның жетекші құрылыс компаниялары — BI Group, Bazis-A және Sensata Group қолдауымен өтеді. Олардың арқасында қатысу одан да қолжетімді бола түсті: барлық слот санаттарына Алатау ауданы әкімдігінің 70% арнайы жеңілдігі қарастырылған. Жеңілдікті пайдалану үшін minimarathon.kz сайтында тіркелу кезінде ALATAU70 промокодын енгізу жеткілікті.
Алатау ауданы — Алматының ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірі. Ол заманауи спорт инфрақұрылымына бай және қала тұрғындары мен қонақтарын мерекелік отбасылық жүгіру жарысына қатысуға шақырады. Ауданда жас отбасылар көп тұрады, сондықтан мұндай бастамалар қаланың жаңа дәстүрін қалыптастыруға ықпал етеді — Жаңа жылды отбасымен бірге, белсенді түрде, таза ауада қарсы алу дәстүрі.
Қатысушылар 2026 метрлік символикалық қашықтықты бағындырып, көтеріңкі әрі жаңа жылдық көңіл-күйге бөленеді.
Костюмді жүгіру жарысы Minimarathon.Kz-тің көптен бері сүйікті форматына айналған — бұл ғажайыпты, бірлікті және мерекені сезіндіретін оқиға. Биыл 1500 слот ұсынылып отыр, ал іс-шараға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Тіркелу 18 желтоқсанда аяқталады — үлгеріп қалңыздар, слоттар саны шектеулі!
Ұйымдастырушылар инклюзивтілікке ерекше назар аударады: жарысқа Алатау ауданынан даму ерекшеліктері бар балалар, Meiirim оңалту орталығының тәрбиеленушілері, сондай-ақ Астана қаласынан «Жанасу – Прикосновение» қорының қатысушылары қатысады.