Freedom SuperApp қосымшасында FOREVER 29 атты жаңа сериалдың тұсаукесері өтті.

Отыз жас — адам өміріндегі үміт пен жауапкершілік тоғысатын, үлкен армандар мен күрделі шешімдер қатар жүретін ерекше белес.

FOREVER 29 — дәл осы кезеңге қадам басқан қыздардың ішкі толғанысын баяндайды.

Сериал не туралы

Қыз баланы кішкентайынан «мінсіз болуға» тәрбиелейді. Үлгілі оқушы, ибалы қыз, адал жар, қамқор ана, табысты маман… Қоғамның бұл тізімі жыл өткен сайын ұзара береді. Уақыт өте келе сол талаптар иыққа артылған көрінбес жүкке айналады. Отыз жасқа таяғанда да дәл сол әңгіме: тұрақты мансап, жарасымды отбасы, ертеңге деген нық сенім.

Бірақ тағдыр пенденің жоспарына бағына бермейді.

Әсел, Мадина және Жанчик те отыздың белесіне арман-қиялмен жеткен еді. Алайда олардың шындығы күткен суреттен өзгеше болды. Бірінің мансабы жүрмей, бірі жүрек қалауын таба алмай, енді бірі достық пен махаббаттың ара-жігін ажырата алмай дал болады.

Бір күні олар мектеп кезіндегі арман-тілектер жазылған ескі тізімді табады. Сарғайған парақтағы аңғал сөздер мен батыл мақсаттар олардың жүрегінде ұмыт қалған отты қайта тұтатады.

Әр орындалған тілек — кішкентай жеңіс. Әр қадам — өз-өзіңе деген сенімнің қайта оралуы. Олар бірге күледі, бірге жылайды, бірге қателеседі.

FOREVER 29 — бұл жас туралы емес, жүректің күйі туралы хикая. Бұл — кез келген жаста жаңа бастау жасауға болатынын, шынайы әрі жанға жылу сыйлайтын туынды.

Негізгі тақырыптар

Сериал көп көрерменге таныс мәселелерді қозғайды:

  • Достық — қолдау мен сыйластықтың негізі;
  • Жарыңа деген, өзіңе деген махаббат;
  • Қоғамдық қысым;
  • Әйелдің өз жолын таңдау құқығы.

Сюжет тәрбиелік сабақ беруден гөрі, шынайы өмірді бейнелейді. Сондықтан көрермендер алғашқы бөлімнен бастап кейіпкерлермен эмоционалды байланыс орнатады.

Актерлік құрам

Сериалда Карина Кудекова, Алтыншаш Шаяхмет, Гаухар Бейсембаева, Жандос Сейдалин, Шыңғыс Бейбітұлы, Даулет Жанболат, Алишер Эйнис және Айдар Аскарбек ойнайды.

Қыздардан қыздарға

Жобаны әйелдерден құралған ұжым жүзеге асырған, сондықтан сериалдағы тақырыптар оларға таныс әрі жақын.

Қоюшы-режиссер: Маржан Хайдар

Сценарий авторлары: Маржан Хайдар, Айнур Мубарова, Раушан Садырбаева

Продюсерлер: Лаура Сабанбаева, Айымгүл Орынбаева, Санам Реваева

Қайдан көруге болады

FOREVER 29 сериалын тек Freedom Media онлайн-кинотеатры арқылы, Freedom SuperApp қосымшасында тамашалауға болады.